
Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты - Жетісу облысында Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, С. Қанаев, Қ. Шорманов, Қ. Құдайбергенов, Т. Бокин, Б. Әшекеев; Торғай облысында Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдин; Ақмола облысында Ә. Майкөтов; Бөкей даласында С. Меңдешев; Ақтөбе облысында Б. Алманов; Сырдария облысында Т. Рысқұлов; Орал облысында Ә. Әйтиевтер басқарды. 1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу. 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент - Таранша болысының Городское елді аймағындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетулерден басталды. Сол жылғы 7, 8 шілденің алғашқы күндері Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректігі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сьезге жиналды
Халқымыздың "Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі" деген мақалының мағынасын мен былай түсінемін: қыз бала жаратылысынан өте нәзік жанды, сүйкімді болып келеді. Ал қыз баланың әдепті, қылықты, тәрбиелі болып өсуіне құрбы - құрдастарының, достарының, өскен ортасының ықпалы зор. Сондықтан бойжеткен қыздың тәрбиелі әрі әдепті болып өсуі оның отбасының мақтанышы, яғни көркі деп айтса болады. Ал "гүл - жердің көркі" дегеніміз - жайқалып өскен әсем гүлдердің қоршаған ортаның көркіне көрік қосары анық.