Театр өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта-ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге игі әсер етеді. Дүние жүзіндегі түрлі халықтардың географиялық-тарихи даму өзгешелігі мен олардың өмір-тұрмысы, әдет-ғұрпы, психикалық хал-жайы әр алуан театр жүйелерінің туып, қалыптасуына ықпал жасады. Осыған орай еуропалық театрларды және Шығыс елдерінің (Жапония, Қытай, Yндістан, т.б.) театр мәдениетін, Америка, Африка, Мұхит аралдары халықтарының өзіндік сипаты бар театр өнерін де атауға болады.Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
22 – ші шілдеде 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысында фашизмге қарсы күрескен қаһарман халықтардың ішінде қазақ халқы да болды. Сол соғыста ерекше ерлік көрсеткен қазақ жігіттері: Талғат Бегельдинов, Бауыржан Момышұлы. Батыр қыздары: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және тағыда басқалары. Жерлесіміз Талғат Бегельдинов Ақмола облысының Ақмола ауданында “Майбалық” ауылында туған. Біздің қаламызда Талғат Бегельдиновтің атымен көше аталған. Кеңес Одағының батырлар арасында менің Әбікеш деген атамның әкесі Бекарыстан деген кісі болған. Бекарыстан ата қазақ, орыс, неміс тілін білген. Бекарыстан ата 1945 жылы аман есен туған еліне оралды. Ешқашан олардың батырлығын ұмытуға болмайды