
Объяснение:
Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Өнерлі өрге жүзер.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Өнерліге өлім жоқ.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөз алтын.
Өнерлі бала сүйкімді.
Өнер білсең-өлмейсің.
Өнерлінің өзегі толмас.
Өнер-таусылмас азық.
Жұтамас байлық .
Бай болмасаң бай болма
Өнер, білімге сай бол,
Өнерлі қол бақытқа жол.
Ілім-іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
Өнер таусылмас азық,
Сарқылмас байлық.
Өнерді үйрен
Үйренде жирен.
Өнер қанат
Білім санат.
Өнер алды, қызыл тіл.
Шаштараз сақал түзетер,
Өнерпаз шаһар түзетер.
Қол өнері кілемде.
Сөз өнері өлеңде.
Өнер көзі халықта.
Өнер қуып ой түзе
Жұмыс қылып бой түзе.
Пайдаң біреудікі.
Өнер өз
Өнер адамның көркі,
Қалай жұмсаса да өз еркі.
Өнерлі адам ешкімге жалынбайды.
Ел іші өнер кеніші.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткен, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.