krachun77
02.07.2021 17:22

ЖАЗЫЛЫМ [7] Берілген үш тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз, келесі талаптарды орындаңыз:
-Эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазыңыз.
- Эсседе кіріспе, негізгі, қортынды бөлімдері болу керек
-Мәтін 50-70 сөзден кем емес болуы керек
- Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.АЗЫЛЫМ

Из трех данных тем, выбери одну тему и напиши эссе выполняя следущие требования к эссе:
- Эссе пишите раскрывая выбранную тему, правильно стройте каждый абзац
- В эссе должны быть вводная, основная и заключительная части
-Текст должен состоять не менее 50-70 слов
-Слова пишите в соответствии с орфаграфической нормой, присоедините правильно окончания в словах, и правильно раставляйте знаки препинания.

1. Болашақта сұранысқа ие мамандықтар (В будущем востребованные профессии)
2. Ұлы Жібек жолы туралы не білесің? ( Что ты знаешь о Великом Шелковом пути?)
3. Олимпиада жеңімпаздары- Қазақстан мақтаныштары (Победители Олимпиады- Гордость Казахстана)

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
asdfghjkl115
12.07.2021 10:44

Тіл туралы диалог (мақал - мәтелдерді қатыстырып).

- Айбибі, не істеп отырсың? Өзіңмен – өзің сөйлесіп отырсың ба?

- Жоқ, Мақпал. Түрік тілінен жаңа сөздерді жаттап, қайталап отырмын.

- Сен түрік тілін де оқып жүрсің бе?

- Ия.Менің үлкен ағам қазақ – түрік лицейінде білім алады ғой, білмеген нәрселерімді сұрап, ағамнан үйренемін.

- Қандай керемет! Ал мектепте ше, ағылшын тілін де қатар оқисың ба?

- Ия. Дәл солай.

- Қиын ғой, бірнеше тілді қатарынан меңгерген... Қалай шатаспайсың?

- Ынтаң болса, ештеңе де қиын емес. Мен керісінше көп нәрсе білгім келіп, жаңа білім алуға құштармын!

- Мен саған қызыға қарап тұрмын... Өзім ағылшын тілін онша білмейтін едім.

- Мектепте жақсылып оқып алғаның абзал. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ. Мен өз болашағымда шет тілдерімен байланыстырамын. Халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" деген мақалдары - менің ұстанымым.

- Жақсы, Айбибі. Енді саған ұқсап, шет тілін ден қойып оқитын боламын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
prynik99
28.03.2023 18:07

Ең жақсы мамандық.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.  

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.  

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.  

Менің ойымша, дәрігер – ең жақсы мамандық. Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.  

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.  

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота