damirnikiforov
11.09.2022 18:15

нужно соч, только жазылым">

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ладаседан7
09.07.2021 17:12

Объяснение:Қазақ халқы сан ғасырлыр бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің бірі – қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату тіршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы – тәуелсіздікке халқымыздың бостандыққа деген ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында қол жеткіздік.

Кең даладан, бос даладан не пайда,

Кең далада бостандығың болмаса, - деп Қадыр ақынның бостандықты жырлауы ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы – азаттыққа үн қосып, аға ұрпақтың жас ұрпаққа артқан сенімі еді. Сол сенімді бойында патриоттық сезімі алаулаған, «елім», «жерім», «қазағым» деген бодандық құрсауын бұзуға ұмтылған қара қазақтың қайсар ұл-қыздары асқан ерлікпен ақтап, қарсы келген жауының қаһарын қайтарды. Осындай өжет те батыл, ержүрек ұл-қыздарымыздың арқасында қазақ халқының басына күн шуағын шашқандай бейбіт, жарқын туды. Ол күн, әрине, 16 желтоқсан .

0,0(0 оценок)
Ответ:
митгпош
29.09.2022 09:27

Менің сүйікті спортым.

Әр адамның өзінің талғамы мен икеміне сай спорт түрі бар. Мысалға, біреулер қарсылартармен жекпе – жекке шығып, күш сынасқанды ұнатса, енді кейбір адамдар керісінше, қарсыластарын логикасымен жеңгенді ұнатады, тағы біреулері жылдамдықпен байланысты спорт түрлерін жақсы көреді.

Осы орайда, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелеп сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді, ал жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс түрлі болуы мүмкін: баяу, немесе жылдам. Музыканың ырғағына байланысты спортшы түрлі қимылдар жасайды: айналады, секіреді, мұз үстінде жүгіреді. Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.

Мен болашақта үлкен спортшы болмасам да, бұл спорт түрімен өзім үшін айналысамын, сонымен қатар осы спорт түрінен өткізілетін барлық жарыстарды үзбей көріп отырамын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота