
1)Көне түркі жазулары (басқаша Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзеніні бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.
2)Тәңіршілдік (немесе Тенгризм, Тенгрианизм) — дәстүрлі түркілік дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілімдік[1], метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер, және кейбір осызамандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. Тәңіршілдік сенімі көне түркі халықтарының, Ғұндардың, Болғарлардың, моңғолдардың, маньчжур және мадяр халықтарының ұлттық мәдениеті мен болмысына терең ықпал еткен тарихи сенім болды, Көктүрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Дунай және Еділ Болғарлары, Моңғол империясы, Шығыс Түркия (Хазария) қатарлылардың мемлекеттік діні болды. ІХ ғ түркілердің әйгілі туындысы «Ырық бітік» кітабында "Тәңірі - Түрік Тәңірісі" (Түріктердің Құдайы) ретінде аталған.[2] Көптеген ғалымдардың пікірінше, империялық деңгейде Тәңіршілдік әсіресе ХІІ - ХІІІ ғасырларда монотеизмдік сенім/дін ретінде ұстанылған; қазіргі Тәңіршілдердің көбі оны монотеизмдік деп санайды.
Еліміздің су ресурстары.
Иә, су – бар тіршіліктің көзі, табиғаттың айырып ала алмас бөлігі. Сусыз өмір өлді, солды деген сөз. Ал қазақ даласы табиғи суларға бай емес. Себебі сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр.
Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Бірақ олардың саусақпен санарлығы ғана үлкен көлемді өзендер.
Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза тұщы суға деген тапшылық байқалады.
"Су ішетін арығы жоқ елдің, сүзіп алатын балығы жоқ" демекші, суды тиімсіз пайдаланудың кесірінен ел экономикасы әлсіреп, денсаулық пен шаруашылық көрсеткіші құлдырайды.Сондықтан өзімізден бастап үнемдейік, қоқсытпайық, тиімді қолданайық.