Ytkin4560
07.06.2022 16:22

Оқылым. 1- тапсырма Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз. (5 ұпай)
А мәтіні
Экология ғылымы адам мен табиғаттың, қоршаған ортаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің бір-бірімен арақатынасын, олардың үйлесімді дамуы мен сақталуын зерттейді. Ол биология, география, жаратылыстану, химия, физика ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Оның биоэкология, геоэкология, әлеуметтік экология, инженерлік экология, медициналық экология сияқты салалары бар. Олардың басты мақсаты – табиғат пен жануарларды қорғау. Арал – Қазақстандағы Каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көл. Ол өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап тартылып, экологиялық қауіпті аймаққа айналды. Сондықтан Қазақстанда Сырдария өзенінің сағасын реттеу мен Арал теңізін қалпына келтіруге арналған арнайы жоба жасалып, Солтүстік Арал теңізі сақталып қалды. Бұл – табиғатты қорғаудың үлгісі. Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың бірі – құлан. Кеңес заманында олардың саны күрт кеміп, жойылуға аз-ақ қалды. Қазақстанда құландарды сақтап қалудың арнайы жобасы аясында олар «Алтынемел» табиғи қорығына жеткізіліп, мемлекет қамқорлығына алынды. Соның нәтижесінде олардың саны қазір 3000- нан асты. Бұл – жануарларды қорғаудың үлгісі. Табиғат – біздің досымыз. Оны қорғау – әркімнің абзал борышы.

Ә мәтіні
Халқымыздың ұлттық қасиеттерінің бірі іштартқан адамын, жақын жұрағаттарын саяттыққа алып шығу болса, енді бір ерекшелігі жақсы көріп, ұнатқан адамын аққу, бұлбұл, сандуғаш, самұрық, тоты сияқты құстарға немесе ақмарал, ақбөкен секілді дала аңдарына теңеуі дер едік. Бұл – бүгіннің ғана емес, жүздеген жылдың жемісі. Әрі ертеңгі күннің де қадірменді еншісі болмақ. Небір таңғажайып ертегілер мен батырлар жырында, орақ ауыз, от тілімен халықты аузына қаратқан ақындарымыздың өлең-жыр, қисса-дастандарында осынау табиғат базары – аң-құстың атауын соншама мол кездестіресіз. Адамның өзі табиғаттың жемісі болса, адам мен аң-құс арасында сырт көзге болжана бермейтін үйірлік, қимас достық бар. Өткен ғасырларда қазақ сахарасын құлан, жолбарыс, жабайы жылқы, жабайы түйе мекендеген деп естиміз. Ал қазір республиканың қай түкпірінен де құлан мен жолбарысты баяғыдай кездестіре алмайсыз. Жоңғар Алатауындағы бұғы, таутеке, арқар, түлкі, Іле, Балқаш және Арал теңізі қамысы арасындағы топ-тобымен жортып жүретін жолбарыс, Орал жағындағы үйір-үйір жабайы жылқылар; Алтай қойнауындағы сабылысып, бүкіл тауға сыймай жүретін маралдар; Барсакелместегі құландар, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Баян тау, Ұлытау, Үстірт, Маңғыстау маңындағы тастан-тасқа секіріп, қойдай өріп жүретін қисапсыз арқар, таутекелер қайда бұл күндері? Оны қоя тұрғанда түлкі, қоян, еліктің азайып кетуі неден? Біздің қолымызда бұлтартпайтын бір факт бар. Ол – аң-құстың азайып бара жатқандығы. Иә, мүлдем азайып барады.

А мәтіні
Тақырыбы:
Қандай стильде жазылған?
Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?
Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?

Ә мәтіні
Тақырыбы:
Қандай стильде жазылған?
Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?
Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Vladosik0987
17.11.2021 20:51

Көптілділік туралы ойтолғау жазарда көп ойландым.Неден бастау керек? Осы көптілділіктің бізге керегі бар ма,жоқ па деген сауалдар мазалай берді. Ғаламтор, газет-журналдардан мәлімет іздегенімде, қайшы  пікірлер, маңдытып ештеңе таппадым.

Олай болса, ата-бабамыздың өткен тарихына көз жүгіртсек…

Әлемде екінші ұстаз,ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби өмірінде 76 ұлттың тілі білсе, өр рухты дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың бір туар ұлы  Шоқан да бірнеше тіл білсе керек. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.Қазақ тілі  еш уақытта  өзімен көршілес халықтың  тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге бермегендігі мыңдаған жыл тарихынан айқын.

Көп тіл білу-заман талабы.Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Иә, «үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң беріп жүргені жасырын емес. Десек те Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»- деп ескерткенін тағы бір қайталап қойсақ   артық болмас. Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі. Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта  көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі Абай Құнанбайұлы, М. Әуезов, Қ. Сәтпаев сияқты талай тарландырымыз қанша жерден ресей топырақтарында білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, тірек мықты. Тіл ана тілде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта да шаба алмаған.

Қазақ халқы табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық.Кеңес заманында орыс тілі-заманның кілті болды. Бұл-заман талабы еді.Орыс тілін үйреніп,орыстардың өзін жаңылыстыратын жағдайға жеттік.Енді алдағы асу –ағылшын тілі.Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады.


0,0(0 оценок)
Ответ:
denisst105
07.07.2022 18:10
Вот это пишите и всё это хватит-Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі. Тамаша қызғалдақ гүлінің біздің жерімізде 34 түрі кездеседі. Оның 12-сі эндемикалық, яғни, тек қазақ жерінде ғана өсетін түр болып саналады. Осыдан болар, Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталуы. Шындығында, аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығына бүгінде көзіқарақты ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған себеп, жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі. Қызғалдақты қорғау, насихаттау жұмыстары тек сөз жүзінде емес, нақты іс, түрлі шаралар арқылы жүзеге асса игі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота