1 тапсырма
Зияткерлік мектептегі оқушыларының ағылшын тіліндегі математика, физика, химия, биологиядан халықаралық емтихан
1)SAT1-емтихан, қорытынды 1586(әлемде орташа 1200)
2)SAT2-орташа 1720 (әлемде орташа 1250)
3)Ielts - ағылшын тілінен емтихан, орташа 6,2
2 тапсырма
1)Бірінші модель-Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды.
2) Екінші модель-Негізгі және жоғары мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту
3)физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп үштілде оқиды,себебі бірнеше тіл білу арқылы жетістікке жетуге оңай болда. Әлемде маңызды орын алып тұрған тілдерді білу өте қажет.
Әлемге танымал оқу орындары:Оксфорд, Кембридж, Гарвард, Иель, Сорбонна, Лондонның экономика мектебі. Бұл оқу орындары өте танымал.
Жылқы туралы диалог құрастыру.
Аманжол: Досым, сенің сүйікті жануарың не?
Мұратбек: Менің сүйікті жануарым – жылқы.
Аманжол: Неліктен?
Мұратбек: Оның екі себебі бар. Біріншісі – өзім жылқы жылы дүниеге келгем, ал екіншіден - қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. Жылқы – малдың патшасы. Атам да ауылда жылқы өсіреді.
Аманжол: Ия, жылқылар ерекше ақылды жануар ғой. Маған да жылқа ұнайды.
Мұратбек: Ал саған неліктен жылқы малы ұнайды?
Аманжол: Жылқы - қасиетті жануар ғой. Бұрынғы кезде аңыз – дастандарды оқысақ, батырлардың жылқыларының аты болған екен. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген.
Мұратбек: Ия, дұрыс айтасың.
Аманжол: Оның үстіне жылқының қымызы қырық ауруға ем деп айтып жатады.
Мұратбек: Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.
Аманжол: Кеше ғана ғаламтор беттерінен « жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан» дегенді оқып, жылқылардың адамдарға сондай пайдалы екеніне таң қалдым. Осындайды естідің бе?
Мұратбек: Жоқ, естімеппін. Ия, жылқы малы – қастерлі жануар ғой.