maksshvanov
24.07.2022 09:56

6-тапсырма. Берілген үзіндідегі қарамен жазылған сөздердің мағына- сын түсіндіріңдер.
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
Аңыз ұнаған
Жаралған күннен Ұл жайлы!
Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім,
ұлдарыма оны дарыттым ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
cstslp0ahrl
03.04.2021 09:15
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. халықтың: «сөз күміс — ән алтын», «ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. қазақтың ұлы ақыны абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй. көңілге түрлі ой салар әнді сүйсең, менше сүй – деген. ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. ақын — әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. олардың аты аңыз — әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Matvey0203
07.07.2022 15:04

Арман, арман, армандайтын адам жоқ шығар сірә... Армандау да әр адам алдына белгілі бір мақсат қойып немесе жоспар құру керек деп ойлаймын.  Міне менде сол арманыма жету үшін алдыма үлкен бір мақсат қойып отырмын.  Мақсаттарыма тоқтала кететін болсам:

Ең бірінші мақсатым ол әрине менің оқуға түсеріме бірден-бір жол ҰБТ. Сол ҰБТ-дан өзім ойлаған ұпайды жинап, ата-анамның үмітін ақтау. Содан соң өзім армандаған Темірбек Жүргенов атындағы академиясына актриса мамандығына тапсыру. Өнер академиясын бітіргеннен кейін, әрине, кино әлеміне аяқ басу. Түрлі қазақтың киноларына түсу. Осы мақсаттарды қойып отырған себебім өзім өнер әлеміне жақын болғандықтан, өзім осы мамандықты жүрегіммен қалағандым. Әкешімнің орындалмай қалған асқақ арманын орындау үшін алдыма осындай мақсат қойып отырмын. Сол мақсатқа қол жеткізу үшін біз өзімізге  толық сенуіміз керек. Әрқашанда ізденіс үстінде болуымыз тиіс. "Көпті көргеннен емес, көпті білгеннен сұра" демекші әрдайым көпті білген кісіден сұрап үлгі алып жүрейік. Сол мақсаттарға жетуде ұмтылайық. Арманымыз ешқашанда аяқ асты қалмасын. Құр сөз болып қалмасын. Осы сөздердің мағынасын терең ұғынуға түрткі болған жетекшім — Нұрбол Нұрмаханұлына және де " Парасат" тобына алғысым шексіз! Яғни, жекелей жұмыс жалғыз адамдық жұмыс .Ал топтық ол бірнеше адамның бірлесіп жұмыс істеуі. Мен үшін тобымның жеңісі әрдайым бірінші орында. Тобым үшін аянып қалмаспын.

Байқауға қатысудағы мақсатым арманыма біртабан жақындау және де жаз айын қызықты өткізу.Осы байқау арқылы достар тауып,пікір алмасу.Бұл байқаудың маған берері мол екеніне сенімдімін.Массагет сайты арқылы мен арман,мақсаттарыма қол жеткізе аламын деп ойлаймын.Менің осы байқаудан үйренерім мол.Бұл байқаудағы алдыға қойған мақсаттарым міне осындай.  Парасат тобы Тек Алға дегім келеді. Жеңіс біздің қолда.       

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота