Оксана0990
09.05.2020 09:14

8. Септік жалғауының көнеленуінен жасалған үстеулер.
A) Бекерге, кешке, шынымен, баяғыда
,
B) Жазда, түсте, наурызда, қолмен
C) Жаздай, қыс-бойы, ертеңгісін,
Тысқары
Д) Ілгері, ары-бері, күндіз-түні, әдейі
E) Балаша, таудай,
бұлбұлдайын,
осынша

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
юлия1921
02.07.2022 05:33

Әже туралы.

Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.  

Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын.  Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. Әжемді ерекше қатты жақсы көремін!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Кисик1705
13.10.2021 20:11

Мен - қазақ елінің ұланымын

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деп айтқандай, мен тәуелсіз қазақ елінің ұланымын, ерімін!

1991 жылы еліміз бүкіл әлемге "Қазақстан" деген атпен танылып, содан бері 27 жыл да өте шығыпты. Бұған дейін небір қиыншылықтарды бастан өткерсе де, оның бәрі артта қалып, еліміз әлемде өзіндік орынға, мәртебеге ие болды.

Қазақ елі - бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел. Осындай еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін.

Тәуелсіз елімнің іргесін мен сияқты қайсарлы, ата - баба өнегесінен тәлім алып өскен ұлтжанды қыран азаматтар қалайтын болады.

Рухты еліміздің еңсесі асқақтап, тәуелсіздігі беки берсін!



     

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота