Илеу — 1) суда (басқа сұйықтықтарда) бір нәрсені үгіп, езіп, араластырып, біркелкі тұтқыр массаға айналдыру. Мысалы, ұннан қамыр илеу. Осындай иленген массаның бір үлесін илем деп атайды. Қамыр илеу процесі өндіріс орындарында арнаулы астауларда механикаландырылған машиналар арқылы жүргізіледі. Машиналардың илеу органдары илеу астауларындағы қоспаларды біркелкі тұтқыр массаға айналғанша араластырады. Үздіксіз және үлесті қамыр илеу машиналары бар. Мұндай органдар асханалық комбайндарда да қолданылады; 2) теріні арнаулы ерітіндіде жібітіп өндеу. Иленген теріден тон, әр түрлі сырт киім және т.б. тігіледі.
Объяснение:
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.