1. Қазір ол Игілікгің үстіне барлық мақтауын үйер еді , аузына сөзі құрғыр түспей , тілі кемекейіне жабысып қалғандай күрмеліп қалыпты . 2. Бірақ күз суық болмай , күзек оты әлі де мол болғандықтан , жұрт іркіліп отыр . 3. Шұғыла орысша білмейді , барон қазақша білмейді , бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай ақ түсінісе береді . 4. Көп ойлануға уақыт қалған жоқ , жалғыз үміт : не Талғар өткел беріп құтқарады , не өзі жұтып құтқарады , әйтеуір дұшпанға жоқ . 5. Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса , аспан айдай ашылған екен де , шуақты күн түске тармасып қалған екен .