қариясы бар үйдің қазынасы бар,-деп бекер айтылмаған. менің отбасым- үлкен отбасы. отбасының тірегі атам мен әжем. мен әжем туралы айтпақпын. менің әжем отбасының ұйытқысы, ақылшысы, өте мейірімді жан. атамның өзі көп істерді әжеммен ақылдасады. әжем ешқашан дауыс көтеріп, айқайламайды, жәй ғана ақылын айтып, дұрыс істемеген істерімізді жөнге салады. әжем салт-дәстүрді, мақал- мәтелдерді көп біледі. қажет жағдайда сол мақал-мәтелдерді орнымен қолданып, мағынасын түсіндіреді. әжем ою-өрнек салып кілем тоқиды. қолын тігін тігу, тоқу бәрі келеді. біз анам екеуміздің әжемнен үйренгеніміз көп, ал үйренеріміз одан да көп. әжетайыма көр рахмет.
лол
Ұлт поэзиясы тарихында өзіндік үні, стилі, ерекшелігі, орны бар Махамбет Өтемісұлының əдеби мұрасы аз зерттелген жоқ. Оған ақын поэзиясының тақырыбы, жанры, идеясы, стилі, тілі, лексикасы, көркемдік əлемі хақында əдебиетші-тілші ғалымдар тарапынан жазылған үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар, зерттеу-монографиялар дəлел. Тұңғыш рет өлендер жинағын топтастырып, тасқа бастырған Х.Досмұхамедұлының игі бастамасы М. Əуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, 3. Қабдолов, Сүйіншəлиев, Қ. Өмірəлиев, Р.Сыздықова, Ж. Тілепов, Қ. Сыдиықов, Қ. Мəдібай, тағы басқа ғалымдар еңбектерінде жалғасын тауып, ақын мұрасы ғылыми тұрғыдан жан-жақты бажайланды.