Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау мекемесі жыл сайын «Табиғат сұлулығы әлемді сақтайды» деген тақырыпта балалар шығармашылығының байқауын ұйымдастырады. Есілдің сол жағалауына жиылған жас өрендердің барлығы Астананы кішкентай да ұшқыр қиялдарымен көркемдеп, сан түрлі суреттер салады. Ең бастысы қай баланың қиялында да Астана тек таза, сұлу қалпымен ерекшеленеді. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шара олардың қоршаған ортаны аялап, қадірлеп өсуіне үлкен көмек көрсетеді.
Сәуір айының соңына қарай Астанада дәстүрлі сенбіліктер кезеңі басталады. Оған жас та кәрі де бір кісідей ат салысады. Өзгелерге үлгі болып ең бірінші, әрине, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері шығады. «Астананы көгертейік!» деп ұран тастайтын олар, бұл күндері кәсіби мерекелері қарсаңында сенбілік өткізуді дәстүрге айналдырған. Экологтардың жұмыс жоспары бойынша, көктем мен күзде жылына екі рет өткізетін санитарлық айлықтары белгіленген. Мұндағы негізгі міндет – аула мен көшелерді тазалау, қоқыс шығару және ағаш отырғызу. Бүгінгі күні Астанада өткізілетін көпшілік сенбіліктерге әрбір оныншы қала тұрғыны қатысады екен.
Пайдалы және зиянды тағамдар.
Уақыт пен заман ағымына қарай, бүгінгі күні қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Менің ойымша, оның бірден - бір себебі: бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.
Ғалымдардың ойынша, мұндай жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал үнемі біркелкі тамақтану – ол да зиян.
Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте. Сонымен қатар, бұл тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.
Сондықтан, менің кеңесім: мұндай тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық! Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ ассаңыз, болғаны:
1. Тағамға көбіне көкөністерді пайдаланған абзал.
2. Иммунитетті көтеру үшін кебектен, витаминді – минералды кешенмен байытылған ұннан жасалған нан, қырыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайдаланған жақсы.
3. Сонымен қатар ұйқыға үш – төрт сағат қалғанға дейін тамақтанып алған дұрыс.
4. Дұрыс тамақтану туралы дәрігерлер мен кәсіби диетологтардың кеңесін тыңдаған жөн.