11715
03.11.2021 03:36

Жаңа сабақ 1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Іс қағаздарының біреуін таңдап алып, жазып шығыңыз.
Ресми іс қағаздар тілі
Іс қағаздары дегеніміз – ресми құжат. Латынша «дәлелдеу» дегенді білдіреді. Құжат – бір нәрсеге дәлел бола алатын, белгілі бір нәрсенің құқығын растайтын, заңды күші бар іскерлік қағаз.
Іс қағаздарының түрлері:
1. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс-қағаздары: мінездеме, нұсқау, кепілдеме, ресми хаттар, кеден мағлұмдамасы, жеделхат, жарнама, қолхат, хабарландыру, сенімхат, кепілхат, өтініш, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі.
2. Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары: Өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, визит-кард, өтініш,
3. Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздары: заң, үкім, өкім, жарғы, жарлық, ереже. хабарлама, бұйрық.
Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайлар Қызметтік құжаттар ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хатты жазғанда марапаттау, мадақтау, дөрекі сөздерді жазуға болмайды. «тез арада орындаңыз. Кешіктірмеңіз » деген сөздерді қолданбаңыз. Өз ойыңызды, белгілі бір күнді көрсетіп, «Сіздің шешіміңізді күтеміз» деген сөздерді жазыңыз. Өз өтініш-тілектеріңізді орынды жеткізе біліңіз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдануда адамгершілік танытыңыз. Сіздің хатыңыз мазмұнды, айқын болуы тиіс. Бұл әсіресе қаржы, кадр мәселесінде маңызды. Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, диалект, архаизмдер, қазіргі қолданыстан шығып қалған сөздерді қолдануға болмайды.
 Іс қағаздарын қалай топтастыруға болады?
 Ресми жазба құжаттардың 3 ерекшелігін атаңыз.
 Іс қағаздар тілінде нелер қолданылмайды?
 Іс қағаздарының қандай жағдайда жазылатынын, мазмұндыққұрылымдық жүйесін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.
2. Өмірбаянда адамның аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері, ұлты, білімі, оқыған оқу орындары, қоғамдық-саяси қызметі, ата-анасы, жұбайы, балалары туралы, қазіргі жұмысы, мекен-жайы туралы айтылады. Өмірбаян қызметке орналасу кезінде оқу орнына түсерде жазылады.
Түйіндемеде аты-жөні, туған жылы, күні, айы, туған жері, ұлты, жынысы, мекен-жайы, телефоны, отбасы жағдайы, азаматтығы, білімі, бітірген, оқу орындары, кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі, тілдік дағдылары, компьютерлік сауаттылығы, жеке қасиеттері - қызығушылығы туралы мәлімет, қосымша ақпараттар жазылады. Өз өмірбаяны мен жұмыс тәжірибесінің, мамандығының икемділігін ұтымы көрсете отырып, ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу мақсатын көздейді.
Мінездеме. Тақырыбы, мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет, негізгі мәтін, қорытынды, мінездемені талап етуші ұйымның аты, мінездеме берілген күн, ай, жыл, мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы, қосымша (егер болса), мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Өтініш. Мекеменің толық аты, басшының қызметі, атағы, аты-жөні, құжат аты, мазмұны, жазылу мерзімі, қолы, өтініш берушінің аты-жөні, кейде мекенжайы жазылады. Жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру, кезекті демалыс сұрау, кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.
Сенімхат. Өз өкілеттілігі мен құқын екінші бір адамға берерде жазылады. Құжат атауы,күні, айы, жылы, мекенжайы, сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі), сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі), алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі), қайтарылатын нақты уақыты, қайтара алмаған жағдайдағы шарты, нотариалдық мекеме мөрі.

2-тапсырма. Ісқағаздары, оның түрлері туралы мәліметтерді есте сақтай отырып, оқу құралының көмегінсіз кестені толтырыңыз.

Құжаттың аты Мазмұндық-құрылымдық жүйесі Қандай жағдайда жазылады?
Өмірбаян
Түйіндеме
Мінездеме .
Өтініш
Сенімхат

Үй жұмысы: Абайдың «Қыс» деген өлеңін орфоэпиялық нормамен жазып шық.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
виктория1289
17.01.2023 19:21

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз — 27 наурыз 1976, Алматы). Шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес.Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты — Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері — Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады(«Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?»). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады

1948 — 49 ҚазМу-дың филология факультетінің студенті;

1948 — оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

1949 — көктемде жары Лашынмен отау құрады;

0,0(0 оценок)
Ответ:
Baka1111
02.10.2020 02:32

Отбасы – сенің туғандарың,ең жақын жандарың.Отбасыда қанша адам бары маңызды емес.Маңыздысы отбасы ішіндегі қарым-қатынас."Отбасының өнегесі – Отан өнегесі" демекші,отбасындағы тәрбие ертең ел болашағында үлкен рөл атқарады.Сондықтан да,отбасының бақытты болуы аса маңызды.Осы кезде "бақытты отбасы қандай болуы керек?" деген сұрақ туындайды.

Бақытты отбасында,ең алдымен,түсіністік пен сыйластық болуы керек.Отбасындағы адамдар бір-бірімен түсініспесе жанжалдар тууы мүмкін.

Екіншіден,әрине,отбасы мүшелері бір-біріне қол ұшын созуға,қолдауға дайын болуы қажет.Бала сабақ оқудан қиналса,барынша көмектес,түсіндір.Ана жұмыстан шаршап келіп,үй шаруасына кірісіп жатса,оған да қол ұшын соз.Және отбасы мүшесі алысқа кетсе,хабарлап,жағдайын сұрасып тұру керек.

Үшіншіден,отбасында үндестік орнаса,ол отбасы бақытты саналмақ.Яғни,жағдайлары жақсы болса және жоғарыда аталып кеткендей қағидалардың бәрі сақталып,үндессе отбасы нағыз бақытты отбасы болады деп білемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота