Табиғат-ол біздің екінші үйіміз. Біз табиғатты қорғауымыз керек. Мысалы Жаз мезгілінде қоқыстарды жинастырамын,ағаштарды суғарамын. Ал Күз мезгілінде ағаштан жерге түскен жапырақтарды,бұтақтарды жинастырып,сыпырамын. Қыз мезгілінде қалың қарды күреймін. Көктем мезгілі өте керемет мезгіл. Бұл мезгілде ағаштар гүлдейді. Мен сол гүлдеп жатқан ағаштарды сындырмаймын,қорғаймын. Осылай əр жыл мезгілінде табиғатымды қорғаймын. Табиғат бізді ешқандай жыл мезгілінде қарамастан,таза ауасын беріп жатыр. Табиғатты қорғайық достар!
Объяснение:
можно луч отв)
Қызғалдақ атауы туралы көптеген болжам бар. Ең көп тарағаны-"тюльпан"-парсы сөзі "толибан" немесе "долбент", яғни қызғалдақ қауызының осы шығыс баскиіміне ұқсастығымен түсіндіріледі.Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара , Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.