«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.
Жетісу — тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген. Археологтар, тарихшылар мен географтар Жетісуды Солтүстік-шығыс Жетісу (солтүстікте Балқаштан Кетпен және оңтүстікте Іле Алатауы жоталарына дейін, солтүстік-шығыста Алакөлден оңтүстік-батыста Шу-Іле су айрығына дейінгі жерлер) және Оңтүстік-батыс Жетісу (Шу және Талас алқабы) деп екіге бөледі. Жетісуға мұндай тарихи-географиялық анықтама бере отырып, олар бұл өлкенің тек табиғи жағдайларын ғана емес, сонымен қатар оның өткендегі экономикалық, саяси, этникалық және мәдени даму ерекшеліктерін де еске алады.
Объяснение: