
Қазақ халқы сиыр малының қылығын бақылап, сол арқылы ауа райының жағдайын алдын ала болжап айтатын болған. Таңертең ерте сиыр малын бақылағанда, олар желге қырыс қарап, бейғам күйсеп жатса, сол күні күн жылы, желсіз, жауынсыз, қарсыз болады. Егер күн бұзылатын болса, сиыр малы алдын ала біліп, уақыты болсада өрістен ауылға ерте қайтады. Сиыр малы өріске шығарда тынышсызданып жан – жағына қарап, басын шайқап мөңіресе, мазасызданса, қарлы борасын соғып, қар жауып, күн суытады. Жазда сауын сиырлары бұзауларына қарай мөңіресе, жауын жауардың ишарасы болмақ. Жауын жауып жатқанда бұқа мөңіреп, өкіре жүрсе, аспан ашылудың айғағы. Сиырлар жайылып жүргенде жүндері үрпейсе, ауа райы бұзылудың белгісі. Сиыр желге қарап жайылса, күн суытудың белгісі. Ал қыста, көктемде қай жаққа қарап жайылса да күн жылы жайлы болатынның белгісі болмақ. Сиыр кенеттен суалса, онда кешікпей ылғал жауын болады.
ответ:Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама.
Коронавируспен күрескен қазақстандық дәрігерлер күн демей, түн демей кезекшілікте болып, отбасынан жырақта жүріп қызмет етті. Науқастарды қабылдаудан бастап, олардың көңіліне қаяу түсірмей, барынша қолдау білдіруге де тырысты. Вирустан сақтайтын арнайы қорғаныш киімін де тәулік бойы киіп жүруге мәжбүр болды. Ауа өткізбейтін формамен жүру, көздің астын қажайтын медициналық бетперде тағу әсте оңай емес. Карантин кезінде еңбек еткен ақ халаттылармен тілдескен едік.