Жылы жаққа ұшатын құстар
Жылы жаққа ұшатын құстарды "жыл құстары" деп атайды. Наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Енді солардың ішінде кейбіреулеріне тоқтала кетейік:
Аққу - жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.
Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері және омыртқасыздармен қоректенеді.
Шағалалар да жыл құстары.Олар жақсы ұшып, жүзеді, бірақ суға сүңги алмайды. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Шоғыр құрып тіршілік ететін түрлері де бар. Ұясын жерге, шың басына, судағы жартасқа шөптен жасайды. Ірі жәндіктермен, моллюскалармен, тышқан тәрізді кемірушілермен, балықтармен қоректенеді.
Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме? тақырыбына диалог құрастыру.
Дәрігер: Сәлеметсіз бе, қандай шағымыңыз бар?
Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?
Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.
Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?
Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.
Емделуші: Жақсы, көп рахмет, дәрігер мырза.
Дәрігер: Сау болыңыз, ауырмаңыз.