eltsina01
03.10.2020 01:11

1- тапсырма Дескриптор: Әңгімедегі табиғат көрінісін оқулықтан тауыпсипаттап жазады
(Прописка әңгімесі)​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
нурислам15
11.01.2020 12:46

Шығарма

 Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...

 Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

 Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.

 Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sashagorchakova
18.04.2020 16:10
Қазақстан өте көрікті ел. Қазақстанда көрікті жерлер өте көп. Әр адам сол көрікті жерлерді көрмесе өкініп қалуы әбден мүмкін. сен де Қазақстанға келіп бір рахаттанып қайтсайшы. Ол сонша қандай жерлер деп отқан шығарсын... Олар : Бурабай, Оқжетпес, Ахмет Яссауи, Жұмбақтас және т.б. Бурабайдың ауасы шипа дейді көбісі. Ол шың мағұлмат. Ауасы Бурабайдың ауырып жатқан адамды  орнынан тұрғысып жібереді. Ал Оқжетпес және Жұмбақтас әдемі табиғатымен бай. Ол жақта сан-түрлі тастар бар. Әрғайсысы бір-бірінен ерекшеленеді. Өзіме Алакөл ұнайды. Сол көлде шомылып көрмеген адам жоқ шығар. ол да әдемі көрініс. Қазақстанда ондай жерлер талайынан. Әр қайсысы әдемі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота