Құлынның туған күнінде.
Менің атам мен әжемнің ауылында көптеген үй жануарлары бар.Солардың ішінде бір көргеннен жақсы көріп кеткен жануарым - Cұңқар есімді құлыным болды.Міне,оны туылғаннан бері бағып,өсіріп келе жатқаныма көп уақыт болыпты.Бұл бүгін Сұңқардың бір жасқа толғандығын білдіреді.Қарап тұрсам,құлыным әсем боп өсіпті. Отбасыммен ақылдасып бұл күнді атап өтуге келістік.Үй іші қызу дайындықта.Анам ертеден дәмді тағамдарын дайындау үстінде болды.Ал атам мен әкем құлыным өскен соң мінуге арналған кішкентай ертұрман дайындап жатты.Мен күні бойы ауылдағы жалғыз үлкен базарды аралаумен болдым.Неге дейсіздер ғой?Ата-анам аздап берген ақшаларды жинап жүрген болатынмын.Енді сол қаржыға құлынымның жалын,кекілін тарайтын әдемі әрі ыңғайлы тарақ алмақшы болдым.Түске қарай іздегенімді тапқанымда қалай қуандым десеңізші.Үйге келсем,анам сәкі үстіне дастархан жайып қойыпты.Құлынды жақын жерге байлап,алма,қант секілді тәтті тамақтар мен өз сыйлықтарымызды сыйладық.Біз ғана емес,оның туған күніне алыстан келген достары бота гүл шоғын сыйласа,бұзау құлынның сүйікті жемісі,алма толы себет сыйлады.Ол қуанғандай ойнақшып,секіре жөнелді.Міне,осылайша құлынымның алғашқы туған күнін атап өттік.
Туынды сын есім.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз. Мысалы: таудай, өнерлі, сезгіш.
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:
Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар:
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, - ті
-сыз, -сіз
-ғы, -гі, -қы, -кі
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
-шыл, -шіл
-шаң , -шең:
-дай, -дей, -тай, -тей
-қой, -қор, -паз, -кер, -гер
-и, -ы, -і
мысалдар:
дала+лы, орман+ды
бала+сыз, үй+сіз
жаз+ғы, іш+кі, күз+гі
бала+лық, күз+дік
кек+шіл, қоғам+шыл
сөз+шең, ашу+шаң
су+дай, үй+дей, құс+тай
сәң+қой, әуес+қой
тарих+и, қазақ+ы
Үстеуден сын есім жасайтын жұрнақтар:
-қы, - кі, - ғы, - гі
мысалдар:
кеше+гі, бұрын+ғы, ертең+гі, қыс+қы
Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар:
- ғақ, - гек, - қақ , - кек, - ақ, - ек
- ық , - ік, - қ , - к
- ғыш, - гіш, - қыш, - кіш
- ғыр, - гір, - қыр, - кір
- шақ , - шек
- ынды, - інді, - нды, - нді
- малы, - мелі, - палы, - пелі, - балы, - белі
- ымды, - імді, - мды, - мді
- аған, - еген
- улы, - улі
- ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе
- ыңқы, - іңкі, - ңқы, - ңкі
Мысалдар:
жабыс+қақ , үрк+ек
аш+ық, ақса+қ ,жет+ік
біл+гіш, айт+қыш
ал+ғыр,өт+кір, тап+қыр,мақтан+шақ , ерін+шек,асыра+нды, үй+інді,соз+балы, ас+палы,асыр+малы, көш+пелі,жара+мды, төз+імді,қаш+аған, сүз+еген,іл+улі,ас+улы, жаб+улы,қыз+ба, бөс+пе,бас+ыңқы, көтер+іңкі.