Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.
«Отанды қастерлеу – елдігіміздің тірегі. Біз отаншыл болуға, жас ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын берік орнықтыруға тиіспіз. Біле-білсек, Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам үшін жанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз!» Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі заманғы идеялар тайталасында біз үшін маңызы мен мәні өлшеусіз екі ұғым болатын болса, соның бірі әрі бірегейі Отаншылдық түсінігі дер едім. Отаншылдық – Отанын жантәнімен сүйіп, оған қалтқысыз қызмет ету ғана емес. Отаншылдық – ең алдымен өз Отанының тарихи тек-тамырын, ғұмыржолын, қадір-қасиетін терең білу және өз Отаны үшін асқақ сезімдерге бөлену деген сөз. Отаныңды қандай қадір-қасиеті үшін кие тұтарыңды білмей тұрып, отаншыл болу мүмкін емес. Отаншылдық – ең алдымен білім мен тәрбиенің тұғыры болуға тиіс деуіміздің сыр-себебі де осында. Ал біздің ұлы Отанымыз – Қазақстан өзінің терең тамырлы тарихымен де, соқтықпалы-соқпақты ғұмыр жолымен де, мейлінше толымды мәдени-рухани төлтума болмысымен де кез келген қазақты, кез келген қазақстандықты мерейлендіруге тиіс. Міне, сондықтан да бұл тақырыпқа Елбасы Нұрсұлтан әбішұлы Назарбаевтан бастап ақбасты академиктерден ұлтжанды ұстаздарға дейінгі авторлардың тұтас бір бір буыны қалам тербеді.
Объяснение: Боадыма!