қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бір- бірінің өнерлерін көрмекші болады да ғылымға жүгінеді. Сол кезде қайрат айтыпты дүниеде ешкім де менсіз үйренбейді, тырыспайды, еңбек етпейді. Мен қайта адамды арам жолдан жақсы жолға түсіремін, маған жетер ештеңе жоқ-,депті.
Ақыл айтты:Мен болмасам олар неге жарайды, менсіз пайда таппайды, ғылым болмайды -, дейді. Сол кезде жүрек: мен арқылы қан тарайды, жаны тыныш болады егер мен болмасам қайдағы ақыл, қайрат керек оған дейді жүрек.
Осы үшеуін тыңдаған ғылым: сендердің айтқан создерің барлығы да дұрыс, бірақ осының барлығы бар адам болса сол құдайды жақтап , таза болсын депті.
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.