Көктем
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!
Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім. Көктемде сонымен қатар қазақ халқы үшін басты мейрамдардың бірі - Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойланады.
Бауырсақ туралы ертегі (орыс халық ертегісі).
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Бір күні қарны ашқан шалы кемпіріне: "Кемпір -ау, қамбаның түбін қағып, маған бауырсақ пісіріп берсеңші" депті.
Кемпір қамбаның түбін қағып, елеуішпен елеп, ақырында екі уыс ұн шығарыпты.
Сол ұн мен қаймақты қосып илеп, дөңгелетіп, ыстық майға қуырып, бауырсақ жасапты. Бауырсақ піскен бетте жемей, шал оны суыту үшін терезенің көзіне қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып, бір кезде домалай жөнеліпті. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде алдынан қон шығып: "Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін" депті.
Сонда бауырсақ қоянға: "Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін депті: «Менің атым Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын қоян саған да!»
Содан бауырсақ ары қарай домалай жөнеледі. Бір кезде алдынан қасқыр шығады да: "Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін" депті.
Сонда бауырсақ қоянға: "Қасқыр, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін депті:
Менің атым – Бауырсақ,
Қызарып пістім – көңлім шат.
Қамбаның түбін қырнаған,
Елеуішпен елеген.
Қаймақпенен илеген,
Күйдірмей майға пісірген.
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де сытылдым,
Қояннан да құтылдым,
Қасқыр сенен сытылу,
Қиын емес – бұл маған!
Сонымен қасқырдан да құтылып, ары қарай домалай жөнеледі. Аюды кездестіріп, оған да өлең айтып, қаша жөнеледі.
Одан кейін алдынан түлкі шығып, бауырсақ өлеңін тағы да айта жөнеледі. Бірақ қу түлкі өз айласын асыру үшін "Өлеңін жақсы екен, бірақ менің құлағым нашар естиді. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы" -дейді.
Түлкінің тұмсығына домалап шығып, өлеңін айтады. Сол кезде Түлкі
ұстап алып, жеп қойған екен.