"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар"
Объяснение:
Расында да, біз жоғары білімді ұлтты қалыптастыра отырып, бәсекеге лайықты ел бола аламыз. Білім еш уақытта құнсызданбайды, ол мыңды жығатын, әлемді бағындыратын күш. Қазіргі заман тек сауатты болуды аздық етеді, ол әлемді бағындыратын, адамзат үшін жағдай жасайтын деңгейге жетуімізді талап етеді. Соның ішінде, қоғамдағы білім беру институттарының алар орны ерекше. Әсіресе, жоғары оқу орындарының жастардың инновациялық тұлға болып қалыптасуында атқарар ролі өте жоғары.Қазіргі заман жаңалықтарды жылдам қабылдап, жылдам енгізуді талап етеді. Бүгінгі инновация, ертең ескіге айналуы әбден мүмкін. Сондықтан, қоғам мен білім беру институттарының үздіксіз байланыста болуы қажет. Әрине, білім – басты капитал. Дегенмен осы білімнің әрдайым сұранысқа ие болуы үшін ол толықтырылып, жаңарып, жетілдіріліп отырылуы тиіс. Еліміздің, жеріміздің ерекшеліктерін ескере отырып, инновациялық қоғам құру – осы білімге келіп тіреледі.
Мен Махамбеттің ұрпағымын.
Қазақтың байтақ даласын,қонақжай халқын жаудан қорғаған батырлар аз болмаған.Сондай батырлардың бірі,әйгі ақын,жалынды жыршы,күйші – Махамбет Өтемісұлы.Ол мың сегіз жүз жиырма төрт – жиырма сегізінші жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында кеңесші болса,мың сегіз жүз жиырма тоғызыншы жылы Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға екі жылдай тұтқында болады.Ал мың сегіз жүз отыз бірінші жылы абақтыдан қашқанымен,артынан ақталып шығады.Мың сегіз жүз отыз алты - мың сегіз жүз отыз сегізінші жылдардағы И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі болады.Көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады.Мың сегіз жүз отыз сегізінші жылы он екінші шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта екі жылдай жасақ жинауға әрекет жасады.Бірақ онысы жүзеге аспай,хан адамдарынан қашып жүруге тура келеді.Махамбет мың сегіз жүз қырық бесінші жылы тұтқиылдан қастандықпен өлтіріледі.
Махамбет Өтемісұлы өз шығармалары арқылы жасақтағы сарбаздардың рухын көтеріп, намысын қайрады. Ол "өзім" деп емес, "Елім!" деп күресті.