
Кешіріңіз, теміржол вокзалы қайда екенін көрсете аласыз ба?
Балам, вокзал келесі көшенің соңында орналасқан.
Сізге көп рахмет, сау болыңыз.
Сен жол жүрмекшісің бе, қазір сапар шегу дұрыс емес қой, үйде отыру керек.
Жоқ, жәй сұрағаным ғой.
Анықтама бюросы неге жабық екен?
Ол бүгін жұмыс істемейді.
Билет сататын кассаларда жұмыс істемейді ме?
Ия, бәрі жұмыс істемейді.
Онда, енді не істейміз?
Жол жүрмейсіз, үйде отырып демалу керек.
Бұл жерде тексеру бекеті жоқ па?
Бар, міндетті түрде тексеріліп өтесіз.
Сізге кіммен кездесу керек еді?
Жолсерік досым келуші еді.
Жолаушылар жүрмейтін болды ғой, ол туралы барлық газет- журналдар, телеарналар, бүкіл БАҚ хабарлауда, сондықтан досың келмейтін болар.
Ия, телефонмен қоңырау шалып сұрармын, сізге рахмет, сау болыңыз.
Объяснение:
"Тортайдың мұңы" ("Алпамыс батыр" жырынан үзінді)
1) Авторы – ең көне жыр болғандықтан, ауыздан-ауызға тарағандықтан авторы белгісіз.
2) Тақырыбы – Алпамыс батырдың жақын туысы Тортайдың мұң-зары.
3) Жанр түрі – эпос.
4) Идеясы – Тортай арқылы Алпамыс еліне асықтыру,елін қорғауға итермелеу.
5) Жырдың тәрбиелік мәні – батыр да өжет бола білуге үйретеді.Туған ел мен жерді сүюге,оны ақтық демі қалғанша қорғауға баулиды.
Қосымша:
"Тортайдың мұңы"
Алпамыс батыр келе жатса, жолында бір шатыр тұр. Шатырға келсе, ішінде бес бек ұйықтап жатыр. Біреу мосыға шай қайнатып отыр. Біресе жылайды, біресе қалғып кетеді. Қараса, Тортай деген ағайыны екен. Бес бек Алпамыстың жылқысын бағатын бес құлы екен. Бұл бесеуін танығасын, диуана кейпінде:
– Аға, бұл кімнің жылқысы? – деп сұрады. Тортай:
– Бұл – Байбөрінің жылқысы. Бірақ ұлтан құл бәрін өзі иеленіп алды. Алпамыс деген ұлы бар еді. Арыстан туған ұлан еді. Жауда кеткен кегімді аламын деп майданға аттанған. Содан бері хабар-ошар жоқ, – деп көзіне жас алды. Бұл сөзді естіген бес бек:
– Ей, қақпас, Алпамысты бізден сұра, Алпамыс қалмақтың қолында өліп кеткен. Ел қыдырған диуана не біледі? Шайыңды қайнат! – деп ұрсып тастады. Алпамыс батыр араша түсіп:
– Бектер, бұларың қалай? Мені сыйлаңдар. Қарт адамға тиіспеңдер, – деді. Бектер оның сөзіне құлақ аспады. Алпамыс бес құлды қылышпен шауып өлтірді. өзінің Алпамыс екенін айтып, ағасымен жылап көрісті. Елдің жайын сұрағанда ағасы:
– Несін сұрайсың, шырағым? Құлдың дәурені жүрді. Әкеңе түйе бақтырып, атаң Құлтайды қойдың соңына салды. ұлың Жәдігерді жалаң аяқ, жалаң бас қозы бақтырып қойды. Гүлбаршынды әйелдікке аламын деп жүр. Тілімді алсаң, ертерек бар, – деді. Алпамыс мұны естіп, дереу аттанып кетті.