Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты. Содан кейін мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін қырнай қарқылдай бастайды. Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп, үндемей шыдап бағады. Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды. Денесі түршігіп, берекесі қашқан кептер:
— Оу, қарға, таң атқалы балапандарыма жем тасып, әбден шаршап, мына қайыңның саясына аздап демалайын деп отыр едім. Мүмкін болса, біраз қоя тұршы, мазаны алмай, – деп өтінеді.
Өзінің әніне түсінбегеніне қарғаның қабағы түсіп кетеді. Тұмсығы сорайып, кілмие қарайды:
— Ей, осылай шаршап отырғанда, көңіліңді көтерейін деп, әдейі сайрап отырған жоқпын ба?! – дейді.
Кептер өз өтінішін ұқпаған қарғаға таңдана қарайды да әрі ұшып кетеді.
2.Бірыңғай бітеу буынды сөздер қатары
С) жаңбыр, достық
Д) қазақ, наурыз
Бітеу сөз дегеніміз- дауыссыз әріптен басталып, дауысты әріптен аяқталатын сөз.
3.Тасымалдауға болмайтын сөз
Е) қарт
Қарт сөзі тасымалдауға келмейді.
Қ - арт (қате)
Қа - рт (қате)
Қар - т (қате)
4.М.Мақатев қай жылы дүниеге келді?
Д) 1931 жылы
5. Барыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз
«Асқар көршісіне тез келуді ескертті»
С) көршісіне
Барыс септігінің сұрағы- Кімге? неге? қайда?
Кімге? көршісіне
6.Туынды сын есім
В) сабырлы
Туынды сын есім дегеніміз- түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім.
Сабыр жұрнақ- лы.
7.Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есім
Д) Шәкіртпіз
8. Түбір сөздер қатарын табыңыз
E) Сурет, ән, күй
9.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша
С) - мен, - бен, -пен
10.Ұяң дауыссыздан басталған сөз
Е) жалқау
Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з.
11. Мемлекеттік тудың авторы кім екенін анықтаңыз.
B) Ш.Ниязбеков.
Шәкен Ниязбеков.
12.Жалғаудың неше түрі бар:
D) 4
Жіктік жалғаулар: тәуелдік, көптік, жіктік, септік.
13.Ұлттық валюта күні қашан?
С) 1993 ж.15 қараша
14.Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз
Е). заттың түрін, түсін
Сын есімнің сұрақтары- қандай? қай?
15.Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз
Д). адал адам
Қандай адам? адал адам.
16.Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыз
Таңертең сағат жетіде тұрамын.
А. жатыс септік
Жатыс септіктің жалғаулары - да, де, та, те, нде, нда т.б
17.Реттік сан есімнің жұрнақтарын табыңыз
В). –ыншы,-інші, -ншы, -нші
18.Абайдың халықты оқуға, білімге шақырған өлеңі
D) Ғылым таппай мақтанба"
19.Үндестік заңына бағынбайтын сөз
Д) Қарағанды
20.Езулік дауыстылар
В) е, і
21.Омонимді белгілеңіз: "Ол сенен он жас үлкен".
С) он
Омоним деген- жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер.
Мысалы: Ара
Шағатын, бал жинайтын ара
Ағаш кесетін ара
22.Шығыс септігінің жалғауларын көрсетіңіз.
B) -нан, -нен, -дан, -ден, тан,-тен
23.Қос сөзді көрсет.
Е) Күні-түні
24.Дара сын есімді көрсет.
С) Әдемі
25.«Жоғары» сөзінің антонимін көрсет
В) Төмен
Антоним дегеніміз- қарсы мәндес сөздер.
Мысалы: ақ - қара