annachernoirova
24.02.2023 00:47

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Мәтінде қандай сөздер мен сөз тіркестері жиі қайталанады?
Мәтінге лайық тақырыпты көрсет:
А) С. Лаврентийдің фильмі В) Қазақстан С) Қазақстандағы ұлттар достастығы
Мәтінде қандай мәселе көтерілген деп ойлайсың?
Сен «Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тату және дос» деген пікірге қосыласың ба? Неге олай ойлайсың?
Дескриптор:
Сұрақтарға толық және дұрыс жауап береді;
Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;
Мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бар. Олар тату және дос. ҚР Президенті Жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның мақсаты: Қазақстандағы барлық ұлттың тату өмір сүруіне жағдай жасау. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар.
Қазақстандағы 130-дан астам ұлт өкілдері Қазақстанға әртүрлі жолмен келді. Олар қазақ халқына әрқашан рақмет айтады, себебі қазақ халқы оларды құшақ жая қарсы алды.
Көп ұлт өкілдері Қазақстанға қалай және қашан келді? Ол туралы «Жерұйық» фильмінде жақсы айтылған. Фильмнің режиссері – Сламбек Тәуекел. Сценарийдің авторлары: Сламбек Тәуекел мен Сон Лаврентий. Бұл фильм тарихи оқиға бойынша жасалған. Фильмде Сон Лаврентий өзінің балалық шағы туралы айтады.
Фильм қазақ жеріне кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд, т.б. ұлт өкілдерінің жер аударылып келгенін көрсетеді. Қарны аш, киімдері жұқа, жыртық, кір адамдарға қазақ халқы көмектесті.
Фильм «Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп» деген сөздермен басталады. Бұл сөздер – Абай Құнанбайұлының сөздері. Фильмнің басты кейіпкері – Орынбай. Ол – бауырмал, мейірімді адам.
Фильмде көрсетілген барлық ұлт өкілдері қазір тату және дос.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ezek5
01.09.2020 19:09
Кел, балалар, оқылық

Бір құдайға сиынып,  
Кел, балалар, оқылық , 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Істің болар қайыры 
Бастасаңыз аллалап, 
Оқымаған жүреді 
Қараңғыны қармалап. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық. 
Оқысаңыз, балалар, 
Шамнан шырақ жағылар, 
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Мал дәулеттің байлығы, 
Бір жұтасаң жоқ болар, 
Оқымыстың байлығы, 
Күннен-күнге көп болар, 
Еш жұтамақ жоқ болар. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық. 
Сиса көйлек үстіңде 
Тоқуменен табылған. 
Сауысқанның тамағы 
Шоқуменен табылған... 
Өнер-білім бәрі де 
Оқуменен табылған. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық. 
Надандықтын белгісі – 
Еш  ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай 
Ақ, қараны танымас. 
Аяңшыл ат арымас, 
Білім деген қарымас... 
Жөн білмеген наданға 
Қыдыр ата дарымас. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық. 
Оқу деген шыны-ды, 
Тұрған сайын шыныққан... 
Оқу білген адамдар 
Май тамызған қылыштан... 
Білмегенді білуге 
Есті бала тырысқан, 
Есер бала ұрысқан. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық. 
Әлпештеген ата-ана 
Қартаятын күн болар. 
Қартайғанда жабығып, 
Мал таятын күн болар. 
Ата-енең қартайса  – 
Тіреу болар бұл оқу, 
Қартайғанда мал тайса 
Сүйеу болар бұл оқу. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.
Оқу білген таниды 
Бір жаратқан құдайды, 
Танымаған құдайды 
Не қылғанда ұнайды? 
Шырағым абай болғай деп, 
Ата-енең жылайды, 
Баладан қайыр болмаса, 
Баланы неге сұрайды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
madina310
24.01.2021 14:55

енді кез уелген жерінен көшіріп жаза бер

анау тырнақша ішіндегілер

Объяснение:

Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік  мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған.

Ол қанатты сөздер шаңырақтан басталады. Шаңырақ – киелі мүлік.  Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату-ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені болса, «Шаңырағың ортасына түссін!» деген қарғыстың ең ауыры болып саналады. Шаңырақты аттамайды, көшкенде жеке түйеге артып, ол көш басында жүреді. Қыз ұзатылғанда мініп келген көлікті «шаңырақ түйе» дейді. Бұл көлікке ұзатылатын қыздың шешесі, жеңгесі, сіңлілері ғана ортырады. Тыныш отыр, шамаңды біл дегенді білдіру үшін: «Шаңыраққа қара!» – деп, ескерту жасайды. Мысалы, үлкен іске үлес қосты, қала, зауыт салысты дегісі келсе «Шаңырағын көтеріп, уығын қадасты», – дейді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота