Anutazaitseva2002
13.12.2022 07:37

О оқылым ЖАЗЫЛЫМ
5-тапсырма. Мәтінді оқы, ақпараттарды
есте сақта. Осы мәтінді үлгі ете отырып, қазақ зерттеушілерінің аспан
денелеріне қатысты жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы 2 минуттық ха-
барлама дайында. Хабарламаны сынып алдында ауызша баянда. Ол үшін
әртүрлі дереккөздерден керекті ақпаратты іздеп тап.
1997 жылы қазан айында НАСА, ЕКА және АСИ бірлескен
жобасы бойынша «Кассини-Гюйгенс» аппараты Канаверал түбе-
гінен
ішінде оның серігі Титанды зерттеуге бағытталған. Титан
Жерден ең қашықта орналасқан аспан денесі. 2004 жылдан
бастап «Кассини» Сатурн планетасының жасанды серігіне ай-
налды. Содан бері ғарыш аппараты Титанды айналып ұшып,
1200 шақырым ғана қашықтықтан суретке түсіріп, зерттеп
жүр. Титанның бетіндегі газ құрамын, топырағын зерттеу үшін
ғарыштық зонд та түсірілді. Ол 2020 жылдары Юпитер жүйесін
зерттеуге кіріспек.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
qsn50857
08.02.2022 07:00

«Ғылым таппай мақтанба...» — Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз. 1909 жылғы жинақ пен 1922 ж. Қазанда жарық көрген басылымдарда бұл шығарманың кейінгі жылдарда бөлек туынды саналып жүрген «Интернатта оқып жүр...» дейтін өлеңге қосылып, біртүтас шығарма болып келетіні де тегін болмаса керек. Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру - «Интернатта оқып жүр» өлеңінде де ең өзекті идея. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, одан ары бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жөн болады деген мәселелер төңірегінде сез қозғайды. Ал мына өлеңдегі:

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
jjrey252
01.05.2023 21:26

ас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?

Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген а екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота