farid32222245
26.04.2021 00:58

Ребусты шеш.Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.


Ребусты шеш.Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nyuta1488
31.10.2020 14:18

шоқан  1835 жылдың  қараша  айында құсмұрын бекетінде қазіргі  қостанай облысы  әулиекөл ауданындағы  құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан шыңғыс уәлиханов отбасында дүниеге келген. әкесі шыңғыс уәлиханұлы сол кезде аманқарағай дуанының (орталығы қараоба мекені) аға сұлтаны болған. округ орталығы 1844 жылы құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты құсмұрын болып өзгертілді. шоқанның өз атасы уәли орта жүздің ханы болған. арғы атасы қазақ ордасының ұлы ханы  абылай, шоқан оның шөбересі. шоқанның қ шағы қыс кезінде обаған бойындағы күнтимес ордасында,  жазда  есілдің  оң саласы  аққанбұрлық  алабындағы ата  жайлауда  өткен. әжесі айғаным тұратын сырымбеттегі хан ордасында да әурен күндерін өткізген.«жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан,  күнтимес  ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде  хат  таныған шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол кезінен білімге бейім әрі құмар болған. шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі айғанымның ықпалы күшті болды. ол жас шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. шоқан 12 жасына дейін құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол кезінен білімге бейім әрі құмар болған. шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі айғанымның ықпалы күшті болды. ол жас шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. шоқан 12 жасына дейін құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.

шоқанның ата- атақты сұлтандар әулетіне жатады. оның арғы бабасы  абылай хан  xvii ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. ал атасы  уәли хан  патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. шоқанның әкесі -  шыңғыс уәлиханов  білімді болған. ол  1834 жылы  омбыда сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: құсмұрын округінің аға сұлтаны, сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі,  көкшетау  округінің аға сұлтаны болды. россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде  дворян  атағы берілді. шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары —  баянауыл өлкесіндегі  атақты  шормановтар әулеті  болатын.  шорманов мұса  орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі,  баянауыл  сыртқы округының аға сұлтаны еді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
14умник
07.09.2020 20:12
Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қаланың шетінде Мэри атты қарапайым әйел өмір сүріпті. Шағын қалада Мэриді бәрі біледі екен. Мэридің неше түрлі гүлдер өскен ғажайып бағы болыпты. Жүрегі таза, мейірімді Мэри гүлдеріне үлкен сүйіспеншілікпен күні-түні қарап, әлпештеп күтіп-баптайды екен. Оның ақ, қызыл, сары, көк түсті гүлдері көктемнен бастап, күзге дейін алма-кезек гүлдеп, баққа кірген адамның көзін қуантыпты. Көктемде Мэри нәзік әрі таңғажайып «қызғалдақ» деген жаңа гүлдерді отырғызады. Бірде сол сүйікті гүлдерін көрейін деп, ол түнде қолына шам алып, баққа барады. О, ғажап! Қызғалдақтарға жақындап қараса, олардың ішінде сүйкімді нәрестелер тәтті ұйқыда жатыр! Бұл гүл періштелерінің балалары еді. Мэри оларға мейірлене қарап қайырлы түн тіледі. Ертеңіне бақтың иесі ерте тұрып, терезені ашады. Үйдің ішін лезде аңқыған жұпар иіс алып кетеді. Мэри баққа жүгіріп шығады. Бүгін қызғалдақтардан бұрын-соңды болмаған хош иіс аңқып тұр екен. Бұл ғажап иісті Мэридің қайырымдылығы үшін гүл періштелері қызғалдақтарға сыйлаған еді. Күндер, айлар, жылдар зырлап өтіп жатты. Мэри қартайып, гүлдеріне қарай алмайтын болғандықтан басқа қалада тұратын баласының қолына көшеді. Үйді сатып алған жаңа адамдар бақтың орнына бақша егіп, көкөніс сатпақшы болыпты. Бір көктемнің ішінде Мэридің тамаша гүлзарын құртып жіберіпті. Гүл періштелерінің жағдайлары кетіп, олар көрші бақтарды паналауға мәжбүр болыпты. Сүйікті Мэриді сағынып, қызғалдақтар ауырып қалады. Күтімсіз қалған гүлдерді көршілер үйлеріне алып кетіп, өздерінің бақтарына отырғызып, аялайды. Келесі көктемде қызғалдақтар дертінен жазылып, жаңа орындарында құлпырып өсіп шыға келеді. Бірақ, олардың ғажайып хош иісі жоғалып кетіпті. Содан бері, гүл өсірушілер бүгінгі күнге дейін қанша ізденіс жасаса да, қызғалдақтардың бұрынғы иісін қайтара алмапты.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота