Мәтінді мұқият оқы. Тезистік сөйлемге қарап эссе абзацтарын ретімен орналастыр. Қолөнер – қазақ халқының асыл мұрасы Қазақ халқының қолөнері, атап айтқанда, оюлары әлемдік өнертанушылар тарапынан жоғары бағаланған өнер туындысы. Алайда қолөнер бұйымдарын бір арнада тоғыстыратын қазақтың ою-өрнектері ең маңызды атрибут. Қазақ зергерлері тұрмыстық заттарды ағашқа ою ойып жасаған. Күміс пен алтынды, қорғасын мен мысты, жезді қолданып та зерлі ыдыстарды, әшекей бұйымдарды жасаған. Малдың терісі мен жүнін пайдаға жаратып ою-өрнектермен көмкерілген киімдерді қолдан тіккен. Қазақтың қолөнер шеберлігі алаша, кілем, киіз жасауда, киім түрлеріне ойып салынған өрнектерден айрықша аңғарылады. Бұл қолөнер туындыларын үй шаруасында жүрген қыз-келіншектер мен әжелер айналысқан. Түсті металдарды балқытып, зерлі әшекейлерді, ыдыстарды, тұрмысқа пайдалы жабдықтарды жасаған адамды Зергер деп атайды. Аталған шеберлердің қолөнер туындысына қарап оның көңіл күйін, болмысын, мінезін, тұратын мекен-жайын, тіпті шаруашылығымен танысуға болады. Зергерлер өз айналасындағы сұлулықтың барлығын қолөнер бұйымдарында көрсете білген. Мәселен, жүзік, сақина, білезік, шашбау, сырға, таға, белдік, кісен, зерлі табақ т.б. жасауда қошқардың мүйізін, аша тұяқтарды, билеген талдарды бейнелеп өрнек салған. Ағаштан түйін түйген ұсталар өз шеберханаларында ертоқымды, ағаш ыдыстарды, ат-әбзелдерін, киіз үй жабдықтарын түрлі өрнектермен безендіріп жасаған. Ағаштан жасалған бөшкелер, ат арбалар берік болуы үшін тобылғы сынды мақты ағаштар таңдалған. Ағашқа өрнекті ойып салған. Ағашты бояп немесе күйдіріп, ою түстерін құбылтып отырған
- Арман, қалай ойлайсың, біздің тыныс алып отырғанымыз ауа таза ма? - Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз. - Неліктен? - Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді. - Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә? - Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды! - Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе? - Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек. - Ал ауаны қалай ластамауға болады? - Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру. - Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар? - Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады. - Оттегі деген не? - Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады. - Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой. - Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.
Қазірде Қазақстан елі көптеген жетістіктерге жетіп отыр. 120 елмен дипломатиялық қарым-қатынас жасап жатыр. Көптеген шикізаттар өндіріп сол шығарған шикізаттарын экспорттап отыр. Астан көркейіп,дамуының арқасында ЕХРО -2017-ні Астана қаласында болайын деп жатқан жайы бар ЕХРО 2017-тінің қай қалада болатынын 2012 жылы 26 қараша күні парижде Халықаралық көрменің штаб-пәтерінде жасырын дауыспен шешілген. осыған сай "Болашақтың энергиясы" тақырыбында берді. Қазақстанның алып жатқан жер көлемі бойыншада жерден қазыр шығарып жатырған кен қазба байлықтарымен бай елдің бірі
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку