
Киімі айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.
Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені ертеден мәлім. Адамның киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар беріп тұратыны анық. Есі түзу адамның тойға киетінін қойға, қойға киетінін тойға кимейтіні де бесенеден белгілі. «Адам көркі шүберек», «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген мақалдар да біраз жайдан хабар бергендей. Дүниеде әр халық пен қауымды басқа халықтардан ерекшелеп тұратын нәрселері тілі мен дінін айтпағанда: салт-дәстүрі, ішер асы мен киер киімдері сияқты нәрселер. Осыған байланысты пайғабарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «Кім бір қауымға ұқсаса (еліктесе) ол – солардан» дейді. Яғни, осы дүниеде кім бір қауымға еліктесе, Қияметте ол солармен бірге тіріліп, солармен бірге болады. Бірақ жастарымыз, жастар ғана емес кейбір жасамыстарымыз да жаһанданудың «жемін» жеп, қағынан жерініп, ұлтсыздануға ұрынып, америкалануға аңсары ауып, батыстануға бүйректері бұрылып жүр. Жаһанданудың жеткізген тағы бір «жетістігі» - жастарды жалаңаштануға жетелеп желіктіріп жүр. Сондықтан америкаланған, жаһанданған жастар мейлінше ойын да, бойын да ашық көрсетуді ерлік санайтын сияқты. Осының кесірінен жылдан жылға жалаңаштанудың жаңа үлгілері «жетіле» түсуде. Қыздарымыз кіндігін ашып қана қоймай, кіндігіне жылтыратып сырға тағып қоятын болды, жеңіл жүрісті жезөкшелер ғана киетін киімдер әр үйдегі қыз-келіншектердің күнделікті көшеге киетін киіміне айналып, үйреншікті болып бара жатқаны үркітеді. Киімнің негізгі міндеті аты айтып тұрғандай адамды киіндіруі тиіс болса керек. Ал қыздарымызды киіндіруден гөрі шешіндіруге көбірек қызмет ететін «киімдер» бұл күндері қала қыздарын қамтып қана қоймай, ауылдарды аралап кеткелі қашан?!.
ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын вильям томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. бірақ мағыналары бір емес.[1]
мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. батыс еуропа, америка, австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді.[3] ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. байырғы ата-ң наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді.