darik2042005p07x0l
06.02.2021 11:05

8-тапсырма. Автордың кітап туралы ойларын мұқият оқы. Үстеу сол қолданылған сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың кейінгі
ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ой
лаудан да тыйылар едік», деген. Бүгінде кітапты таңдай білу,
оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу нағыз өнер. Сон-
шама сөздің, ойдың құдіретін түсініп, одан алған керемет әсерлерді
кейінгі өмірлік қажетіңе шама-шарқынша жарата білу қажет.
Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін
жетілдіретін де, сөзге шешендігін шынықтыратын да - кітап
екені ақиқат. Сондай-ақ оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге
192​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alena12022004
15.10.2022 17:40

Досыммен бірге киім-кешек дүкеніне бардым. Дүкеннен өзім көптен бері алғым келіп жүрген киімдерді көрдім. Досыммен екеуміз маған дұрысын таңдадық. Ашық түсті баскиім алдым. Аяғыма өте ыңғайлы размері отыз төртінші аяқ киім шап-шақ екен, соны таңдадым. Сәнді үлгідегі киімдер арасынан өте әдемі көйлекті алдым. Досым маған сыртқы киімнен осы ауа жібереді, осыны ал,- деп ұсыныс жасады. Ол қырық екінші размерлі, қалың кеудеше, түсі аспан түстес көгілдір. Алған киімдерімнің бәрі көңілімнен шықты. Бәрі де заманауи үлгіге сай, әрі ыңғайлы.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
01mrfrost10p0cb3m
28.03.2020 23:28

Жауаптары:

Жауаптары:12 - билет

3) Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздер:білімнің, адамның.

20-билет

1) Мәтінді оқып,сұрақтар қой.

1.Қандай адам болашақта дегеніне жетеді? (Арманшыл адам)

2.Қай кезден бастап адам өзінің жүрегі қалаған мамандыққа бейімделе бастайды? (Жас кезден)

3.Жастардың басты міндеті қандай? (Ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу ).

23-билет

2) Жалғаудың түрлері,мысал.

Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша.Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.

Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.Мысалы,еңбек,еңбектің,еңбекке,еңбектен,еңбекті,еңбекте,еңбекпен т.б.

Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). 

Жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.Мысалы,мен бардым,ол отырды,біз келдік т.б.

25-билет

2) Үндестік заңының ережесі,мысал.

Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз.

 Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.

Тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.

Мысалы:

Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.

Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.

3) "Азамат","қайраткер" сөздерін жіктеу.

Жекеше:

І жақ:Мен азаматпын,қайраткермін.

ІІ жақ: Сен азаматсың,қайраткерсің.

Сыпайы түрде:Сіз азаматсыз,қайраткерсіз.

ІІІ жақ:Ол азамат,қайраткер.

Көпше:

І жақ: Біз азаматпыз,қайраткерміз.

ІІ жақ:Сендер азаматсыңдар,қайраткерсіңдер.

Сыпайы түрде:Сіздер азаматсыздар,қайраткерсіздер.

ІІІ жақ:Олар азамат,қайраткер.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота