Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті
Жүз сомың болғанша
Жүз досың болсын,- дегендей. Мен сыныбымдағы оқушылардың бәрін жақсы көрем, шын дос ретінде берілген тапсырмаларды бірге орындаймын. Жалпы менің досым көп.
Соның ішінде менің нағыз адал, жандосым бар. Оның аты Баян. Баян екеуміз айырылмас дстармыз. Екеуміздің жұбымыз жазылмайды. Қиын кезде екеуміз бір-біріміздің жанымыздан табыламыз. Баян екеуміз кішкентай кезімізден бері доспыз. Екеуміз мектепке бірге барамыз, сабақты бірге оқимыз.
Екеуміз көрші тұрамыз. Үй тапсырмасын бірге орындаймыз. Менде жоқ кітаптар Баянда бар, Баянда жоқ кітап менде бар. Екеуміз барымызды бір-бірімізден аямаймыз. Менің досым қуанышта да, қайғыда да жанымнан табылады. Менің осындай адалда, шыншыл досымның барына қуанамын.
Баян екеуміз қосымша би үйірмесіне бірге барамыз. Болашақта таңдаған мамандығымызда бір. Екеумізде дәрігер болғанды ұнатамыз. Баян екеуміз кейкезде сөзге келмей қаламыз, сонда да бір–бірімізді ренжітпей кешіре саламыз. Ешқашан қиын жағдайда жалғыз қалдырмаймыз. Мен өз досымның өзіме адал, қиын жағдайда жанымда жүргені үшін мақтан етемін.
Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды, - деп атам қазақ бекер айтпаған екен.
- осығып ұқсап, өз үлгіңе кеніңстіріп, өз ойымен жаз.