lukash231082
31.07.2021 10:51

1 - тапсырма, мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер. 5 ұпай. Абай жыл мезгілдеріне байланысты табиғат көріністерін суреттеуді дербес жанр етіп калыптастырды. Жылдың төрт мезгілін көркем бейнелейтін «Жазғытұры», «Жаз», «Күз». «Қыс» тағы басқа өлеңдеріңде табиғат суреттері өздерінің бар бояуымен, ақиқат қалпыңда, жаңды күйіңде көрінеді. Ақын табиғат көрінісін сол көздегі қазақ өмірінің тұрмыс тіршілігімен байланыстыра қарастырады.

«Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі»,

деп басталатын «Жазғытұры» өлеңінде көктемнің жайма-шуақ, жылы лебі есілгендей сезіледі. Өлеңнен мал баққан қазақ аулы тіршілігінің әр алуан көрінісі орын алған. Қазақ халқында жыл басы - наурыз айының «Ұлыстың Ұлы күнінен» басталатыны белгілі. Ақын жазғытұры деп, көктемнің осы кезеңін айтып отыр. «Жаз» өлеңінде адам мен табиғат туралы тақырып өзара ұластырыла, тұтас күйде алынған. Жазғы жайлауға көшіп қонған ауылдың бейнесі табиғаттың ғажайып бояуларымен ұштастырыла суреттелген. Жыл мезгілдерінің жадау да жабырқау, қайыршыдай жұтаң бір кезін суреттеуден басталатын «Күзде» ақын ескі ауыл тіршілігін, кедейлердің сол күз күніндей күйзелген, тоналған тұрмысын бейнелейді.

«Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей тұсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай»

деп, табиғаттың реңсіздігін қайыршы шал-кемпірге теңейді. Ақын қыс мезгіліне портреттік сипаттама бере, мінездей келіп, оны жанды адам бейнесінде суреттейді:

«Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды».

Ақын табиғат суреттерін адамның әр алуан көңіл күйлері, сыр-сезімдерімен ұштастыра жырлайды. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ауылдың жанында гүрілдеп аққан өзен, сәулесі суда дірілдеген жарық ай, жапырақтары сыбдырлай, сыр шерткен тәрізді қалың ағаштар, тау жаңғыртқан ән, манаураған желсіз түн аясында кездесіп, тіл қатпай, үнсіз ұғынысқан екі жас ғажайып сырлы бояумен әсем бейнеленген. Абай жыл мезгілдері жайындағы өлеңдерінде табиғат суреттері арқылы әлеуметтік өмір шындығын терең ашқан.

1. Абай жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдері бар?

2. Абай көктем мезгілін қалай суреттейді?

3. Абай қыс мезгілін қалай суреттейді?

4. «Ұлыстың Ұлы күні деген не?

5. Қазақстанда жыл басы қай мезгілден басталады? Неге?

у меня сор ​


1 - тапсырма, мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер. 5 ұпай. Абай жыл мезгілдеріне байланысты табиғат кө

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
vbrcb
25.08.2022 04:34

Ребустың жауабы: Бірқазан

Бірқазан туралы

Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Каспий теңіздерінің оңтүстік жағалауында, Оңтүстік Азияда қыстайды. Судың тереңірек жеріне салған көлемді ұяларына бір – бес жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені жұптасып басып, отыз – отыз бес күнде балапандарын өргізеді. Балапандары жетпіс – жетпіс бес күн өтісімен ұядан ұшады. Бірқазан 3-4 жасында жұмыртқалай бастайды. Олар саны аз құс болғандықтан, Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығында және Сарықопа, Торғай қорықшаларында қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.

0,0(0 оценок)
Ответ:
hodos10
25.08.2022 04:34

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне,жетпіс екі жыл толмақ. Отаны үшін қаншама әпкелеріміз бен ағаларымыз жанын қиды. Соғыс деген сөздің өзі қандай суық десеңші. Өйткені, соғыс адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.

Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен а ң тарихында болмаған соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Егін даласынан диқаншы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды.Біз сол батырларымызды қадір тұтуымыз керек!

Объяснение:

Мен қанша сөз болғанын санаған жоқпын.Бірақ дұрыс болады деп сенемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота