
Автор екеуміздің ойымыз бірдей емес, мысалы, мен мәтіннің мазмұнын, оның стилін, түрін, оқиғаның мағынасын толығымен қайта жаза алатын едім.
1.Мен айтар едім, тек табиғатқа, жануарлар мен құстарға ғана емес адамдардың өзіне де қастандықтар сол адамның өзімен жасалуда,- дер едім. Бұған кім кінәлі, әрине адам кінәлі. Адамның тойымсыздығы, қанағатсыздығы, ішітарлығы кінәлі. Адам адам болып жаратылғалы жер бетінде қаншама өзгерістер болуда. Алғашқы адамдар, жан-жануарлар, табиғаттағы өсімдіктер, тау-тастар, өзен, көлдер қайда кетті. Жойылды. Оның орнына "Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан"- дегендей бәрі жаңадан пайда болуда. Адамдар табиғатқа зиянды заттарды ойлап табудан тиылар емес. Мысалы: алуан түрлі химиялық заттар, газдар ауаны да, суды да бүлдіреді. Ал, табиғаттағы тіршілік иелерінің сусыз, ауасыз күн көретіндері жоқ. Ол болса бұл адамның қастандығы емей не?
Мына, жаңа технологиялар орнымен пайдаланбаса адамның өзіне тікелей зиян келтіреді. Адамзат, ойланайық, өмірді бағалайық, жауыздыққа жол бермейік!
2.Бала өмірдегі ең сезімтал жан. Енді өсіп,енді жетіліп келе жатқан кезі.Ата-аналар бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлуі керек.Өйткені бала естігенін өскенде істейді. Балардың мақсатты болуы үшін балаға ең алдымен өтірік айтпау керек.Өтірік айтсаң бала осы қылықты есінде сақтап қалады. Баланы үнемі бастаған ісін соңына дейін жеткізіп үйрету керек. Себебі бала сол кезде мақсатты бола алады.
14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.