Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын тойлау ресми түрде басталды. Шығыстың ғұлама-ойшылы, математик, музыка теоретигі, астролог, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған тұлғаны дәріптеп, өскелең ұрпақтың жадына сіңіру, насихаттау жолында ауқымды істер атқарылмақ.
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған күллі түркі жұртының бас ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерекелік жиынға қатысушылар ең алдымен Әл-Фараби орталығы-кітапханасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Қонақтар Шығыс ойшылына арналған музейдің экспозицияларын тамашалады. Шарада бірқатар өнерпазға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мемлекеттік шәкіртақысы табыс етілді.