
Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.
Жекеше және оңаша:
Менің қолшатырым.
Сенің қолшатырың.
Сіздің қолшатырыңыз.
Оның қолшатыры.
Қолшатыр сөзіне сұхбат.
- Сәлеметсіз бе?Менің есімім - Дидар.Сіз "Білесіз бе?" атты сауалнамаға қатысқалы отырсыз.
- Сәлеметсіз бе?Жарайды,бағымды сынап көрейін.
- Жақсы.Онда мен қойған сұрақтарға кідірмей жауап береді деген ойдамын.Қолшатыр дегеніміз не?
- Қолшатыр - жаңбырдан және күн сәулесінен қорғану үшін қолданылатын бұйым.
- Келесі сұрақ.Қолшатырдың отаны?
- Қытай мен Египет.
- Өте дұрыс.Қолшатырдың қандай түрлерін білесіз?
- Классикалық,автоматты және компактілі қолшатыр деген түрлерімен таныспын.
- Сіз барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңіз.Марапатыңызды алып кетсеңіз болады.Құттықтаймын!
- Жақсы,рахмет.Сау болыңыз!