ответ:Сәлем,досым!(леп белгісінің қойылу себебі,бұл жерде автордың көңіл күйі көтеріңкі )
Қалын қалай?(сұрақ белгісінің қойылу себебі автор жауап алу мақсатында сұрақ қойып отыр)
Нүкте қойылған сөйлемдерде мән жағдайды айтып хабарлап жатқандықтан қойылған.
Рақмет!(леп белгісі қойылған себебі автор ризалығын,рақметтілігін білдіріп ,сөйлемде өзінің қуанышты көңіл күйін білдіртіп тұр)
Т.б
Объяснение:
Егерде сөйлем соңында (!)леп белгісі қойылса,онда бұл сөйлемде автордың көңіл күйі білдіргендігі,және ерекше екпінмен айтылуына байланысты болады.
Егерде сөйлем соңында (?)сұрақ белгісі кездессе,онда бұл сөйлемде автор бағытталған адамнан жауап алу мақсатында сұрақ қойып тұр дегені.
Ал (.)нүкте қойылса,онда бұл сөйлемде күнделікті,т.б. болып жатқан нәрселерді баяндап,хабарлап тұр деген сөз
Шығарма.
"Қыз Жібек" жыры – асыл махаббаттың айшықты ескерткіші.
Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.
Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі – Қыз Жібек пен Төлеген.Бұл екі жастың асқақ махаббаты туралы біз "Қыз Жібек" жырынан оқып,білдік."Қыз жібек" лиро-эпостық дастаны – қазақ халқының ең көне,асыл мұраларының бірі.«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға,кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.Төлеген – нағыз лирикалық кейіпкер болса,Жібек – сұлулық пен әсемдіктің нышаны,қазақ халқының мақтанышы болды.Бұл екеуі бір-бірін құлай сүйгенмен,олардың бақытына Бекежан қастандықпен балта шапқан еді.Кейін Жібек қайсарлықпен сүйгенінің кегін алып, әмеңгерлік салт бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады.Бірақ,Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі,сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі – сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады.Автордың өзі: "Батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа..." дей отырып Жібек пен Төлегеннің арасындағы махаббаттың адал екенін дәлелдей түседі деп білемін.