Шаршы топ алдында сөз бастау, сөйлеу әрине оңай емес. Мен алдымен тіл туралы сіздерге өз ойымды айтқым келеді. Дене мүшелерінде ең жеңіл қозғалатын тіл. Сондай ақ адам мүшелерінің ішінде ең пайдалысы да, ең залалдысы да тіл. Әсем сөзбен арадағы дұшпандықты жоя аласың, асыра сөйлеп, жан досыңнан айрылуыңда мүмкін. міне тіл арқылы жеткізетін сөздің құдіреті. Мен бүгін сол тілдің жақсы сөйлегендегі құдіреті туралы айтпақпын. Мысалы: дәрігер науқас адаммен алдына келгенде оның дертіне шипа табылатынын, оған оның сенуі керек екенін, жылы және қарапайым түсінікті сөзбен жеткізсе, науқас түзеле бастайды, ал, түбінде ауруыңыздың емі жоқ, бара беріңіз десе науқас дерттен емес құсадан қайтыс болар еді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде де, егер балаға күнделікті жылы сөйлеп, сыйластық танытсаң, бала ұстамды, түсінігі бар болып өседі, ал күнде сен адам болмайсың деп айқайлап отырсаң, ол сәбиден жақсы адам шығуы екі талай. Міне, тілдің құдіреті, тілдің адам сезіміне әсер етуші құрал екендігінің дәлелі. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Мақал мен мәтелдер Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.
Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалдар: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді. Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады. Мысалдар: Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы жартас – бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Ит ашуын тырнадан алады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку