Мерконюк
24.12.2021 10:01

2. Сөйлем соңында даралаушы тыныс белгілері дұрыс қойылған ба? Компьютер, ұялы телефон, ғаламтор желісі деп, бүгінде
«ұстазымызды» ұмытып барамыз! Том-том кітап құшақтап,
кітапханаға жиі баратын адамдарды сирек кездестіреміз
қазір? Бұрынғыдай мерекелерде үлкен мәртебемен бiр-бi-
рімізге кітап сыйламаймыз да. Тіпті кітап мазмұнына мән
бермей, оны сәнді безендірмей, қалай болса солай шығарып,
қадірін түсіріп жатамыз. Содан оны кім оқиды... Ал әдемі
безендірілген, өзіңді еріксіз қызықтыратын көркем шығар-
маның бағасы сәл қымбаттау болса, ақшаны сылтауратып,
алуға қимай кете барамыз! Өмірдің бұралаң ағысына,жалғасы.​


2. Сөйлем соңында даралаушы тыныс белгілері дұрыс қойылған ба? Компьютер, ұялы телефон, ғаламтор жел

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
respons
25.12.2022 04:19
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.

«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
0,0(0 оценок)
Ответ:
denisovavara11
16.02.2022 10:11

Биотехнология әлеміндегі жаңалықтар

Өнімі мол, төлі сапалы аталық пен аналықтан жаралған эмбриондарды қолдағы қарапайым аналықтардың құрсағына көшіріп отырғызу арқылы нәсілділігі мен өнімділігі артық төлдің санын көбейтуді – эмбрион трансплантациялау (ұрық көшіріп отырғызу) биотехнологиясы дейді. Бұл тәсілді қолданғанда аталық пен аналық жыныс жасушаларының бірігіуінен түзілген зәузат-эмбрион қолданылады.

Аналық мал, жануарлардың жұмыртқалықтарында (жыныс бездерінде) 100-200 мыңға дейін жұмыртқа жасушасы түзіледі. Олардың санаулысы ғана (6-8) төл болып дамуға жұмсалып, қалғандары даму кезегін күтумен өмірден өтетіні анықталған. Жыныс бездеріндегі жұмыртқа жасушаларын топ-тобымен дамытып, көшіріп отырғызуға жарамды мол эмбрион (ұрық) өндіріп алу үшін арнайы тәсіл шығарылған. Осы тәсілді қолданғанда сиырдан жылына көшіріп отырғызуға жарамды 50-60 эмбрион алуға болатынын зерттеу нәтижелері айқындап отыр. Бұл дегеніміз, құнды сиырдан жылына бір емес,жоқ дегенде 40-50 бұзау алуға болатын мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

Қазіргі таңда эмбрионды трансплантациялау –мал, жануарларды сұрыптап өсіру (селекция) қарқынын өте аз уақыт ішінде ең жоғары деңгейге жеткізетін зор әлеуетке ие биотехнология екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Оның сыртында саны өте азайған немесе жойылуға таяған жабайы хайуандардың санын көбейтіп, популяциясын сақтап қалу үшін де аса маңызды болып табылады. Мысалы, Қытайда жойылуға дәл қалған панда аюы осы биотехнологиялық тәсілдің арқасында саны молайып, қайтадан еркіндікке (табиғатқа) жіберілді. Австралияда жабайы түйелердің популяциясын көбейту үшін эмбриондарды трансплантациялау тәсілі қолданылып, үлкен нәтижеге қол жеткізген. Медицинада бұл технология нәтижелі пайдаланылады. Ағзадан тыс, зертханалық жағдайда ұрық тоқтатылып, түзілген эмбрионды әйелдің құрсағына енгізіп беру арқылы трансплантат-сәби дүниеге келеді. Қазақстанда бұл биотехнология жақсы дамыған.

Эмбрион трансплантациялау биотехнологиясы Канада, Америка Құрама Штаттары, Жапония, Франция, Германия секілді мемлекеттерде өндірістік жағдайда кең көлемде пайдаланылуда.Эмбриондарды трансплантациялайтын орталықтар ашып, өздерінің сұраныстарын қанағаттандырып қана қоймай, миллиондаған эмбриондарды сырт елдерге экспортқа шығаратын табыстың жаңа көзін тауып отыр. Қазір АҚШ, Жапония, Батыс Еуропада осы технологияның көмегімен жылына 0,5-1 миллион басқа дейін трансплантат-бұзау алып, сиыр шаруашылығының өнімділігін бұрын-соңды болмаған дәрежеге жеткізгендігі ешкімге құпия емес. АҚШ-та сүттілігі бойынша рекорд жасаған қара ала тұқымды бір сиырдан 131 эмбрион алынған. Сондай-ақ тағы осы елдегі жеке шаруа қожалығында 5 донор сиырдан бір ретте 201 эмбрион шығарып алып, басқа сиырларға трансплантациялау арқылы 131 бұзау алған.

Германияның Бавария аймағында орналасқан Нойштадт Айш атты шағын қалада эмбрион трансплантациялайтын орталық жұмыс істейді. Осы орталық жылына 5-7 мың дана эмбрионды -196 градус жағдайында (сұйық азотта) мұздатып дайындайды. Мұндағы таң қаларлық бір жайт, Бразилия мен Аргентинаның тапсырысын орындайтын жеке сиырлар мен бұқалар бағылады. Немістің қызыл ала тұқымды «Henry»атты бұқасы мен «Anagreta» есімді сиырдан жаралған эмбриондарды Бразилия импорттап, сиыр шаруашылығының сүт, ет өнімділігін көбейту мақсатында пайдаланады екен. 4 жылдың ішінде осы сиырдың 300-ден астам эмбрионды экспортталып, оларды көшіріп отырғызған Бразилияның байырғы сиырларынан немістің қызыл ала тұқымды бұзаулары туылдырылып алынған.

Енді осы озық биотехнологияны қалай қолдануға және қандай табыстарға қол жеткізуімізге болатыны жайында ой бөлісейік.

Біздің пайымдауымызша, мол өнімді, асыл тұқымды тірі сиырларды сырттан импорттаудың орнына өзімізге қажетті тұқымының мұздатып сақталынған (-196 градус сұйық азотта) эмбриондарын қолдану аса тиімді. Мысал келтірейік, асыл тұқымды 50 сиыр сатып алу үшін 250000 АҚШ долларына шығындаламыз, оларды ұшақпен тасуға тағы да мол қаржы жұмсамайтынымыз белгілі. Жеткізілген сиырлардың табиғатымызға бейімделуі тым ауырға түсіп, өлім-жітімдердің болатыны белгілі. Егер осы 50 сиырдың бағасына жұмсалатын қаржыны эмбрион импорттауға пайдаланатын болсақ, 800-850 дана эмбрион сатып алады екенбіз. Олар кішкене термосқа құйылған сұйық азотта сақталатындықтан тасымалдау оңай, қаржы да аз жұмсалады.

Импорттық эмбриондар өзіміздің сиырлар мен құнажындарымызға көшіріліп отырғызылады. Ары қарай олар жергілікті ортаға бейімделген аналықтың құрсағында дамып,туылғаннан кейін сыртқы ортаның әсерлеріне төзімділігі артады. Яғни, ұрықтан дамыған төлдердің өміршеңдігі осында туылған бұзаулардікімен тең дәрежеге жетеді. Батыс Еуропа жағдайымен санассақ, 800 эмбрионды көшіріп отырғызу арқылы аз дегенде 450 бұзау алуға болады екен. Осылайша эмбрионды көшіріп отырғызу биотехнологиясын қолданудың арқасында айналасы 3 жылдың ішінде сүттілігі 5000-6000 литр, салмағы 600-800 келі тартатын сиырлар және бұзауы сапалы туылатын, дене салмағы 800-1000 келіге дейін жететін бұқалардан тұратын жаңа табын құралып, өнімі мол жаңа тұқымның негізі қаланар еді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота