kris129630
20.10.2022 08:10

Можно не 80-90, а макс 50. и обьязательно сабақтас құрмалас.​


Можно не 80-90, а макс 50. и обьязательно сабақтас құрмалас.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
vddrobysheva
19.05.2021 16:43

Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.

Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.

Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
varavarlamova19
27.12.2022 03:29
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады. Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шөміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота