Папич3
20.05.2020 23:02

Дурыс жазылган устеуды табыныз​


Дурыс жазылган устеуды табыныз​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
aru1608
11.05.2020 15:02
1. Зат есімді табыңыз.Д) Немере2. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңізС) Рақ - мет3.Тура мағынада тұрған сөз тіркесін табыңызА) Басым ауырды4. Көп мағыналы сөзді белгілеңіз.В) Аяқ5.Мақал-мәтелдің жалғасын табыңызЖақсы сөз - Д) Жарым ырыс6. «Момын» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз.А) Қой аузынан шөп алмас7. Сын есімді табыңызВ) Айнадай8. Туынды сын есімді белгілеңіз.Д) Атақты9. Омоним бола алатын сөзді көрсетіңізС) Ара10. Құрамында жинақтық сан есімі бар мақал-мәтелді көрсетіңіз.Е) Ағайын – алтау, ана – біреу11. Қаратпа сөзді көрсетіңіз.A) Қайдан келдің, бауырсақ?12. Сан есімді табыңызВ) Бесеу13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторларын атаңызС) Ш. Уалихан, Ж.Мәлібекұлы14. Өздік есімдікті табыңызА) Өзім15. Одағай сөзі бар сөйлемді табыңызD)О, бәрекелді, мынау қандай ер еді !16. Белгісіздік есімдікті табыңызЕ)Біреу17. Жіктелген зат есімді көрсетіңізД) ДәрігермінЕ) Баламын18. Берілген сөздерден синоним сөздерді көрсетіңізС) Ауру, сырқатЕ) әдемі,сұлу19. “Ұстаз” сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.С) Оқытушы, мұғалім20. “Тегін” сөзінің антонимін жазыңыз.Е) Ақылы

қалғаның білмеймін

0,0(0 оценок)
Ответ:
Наташа151515
18.10.2020 07:56

Қазақ эпосы мен фольклорының барлық түрі музыкамен тығыз байланыста. Салт-дәстүрлік, тұрмыстық және тарихи әндермен қоса, ірі эпикалық поэмалар да ақынның өзі таңдаған әуенмен домбыра арқылы орындалған. Қазақ фольклорындағы әуеннің ролі осы күй - аңыздарда ерекше байқалады, ол оқиға мен сезімді жеткізу құралы ретінде қолданып, сюжеттік сипатты береді. Әдетте, домбырада, сыбызғыда немесе қобызда күйші (әуенді шығарушы немесе ойнаушы) орындалатын күйдің мазмұнын қысқаша баяндайды да, оны дәстүрлі: “ал, енді мұны домбырадан тыңдаңдар”, - деген сөз тіркесімен аяқтайды. Авторы беймәлім “Бозторғай” атты ежелгі күй-аңызда өз балапандарын жыланнан қорғап, жанын қоярға жер таба алмайтын бозторғай туралы әңгімеленеді. Әуендік пьеса домбыра даусымен бозторғайдың қорқынышы мен жан арпалысын, балапандардың бәйкүнә дауыстарын, ана-бозторғайдың ұяны жыланнан қорғауға тырысып, аластау жолындағы қанаттарының қағысын домбыра даусымен береді, күй бозторғайдың балапандарын құтқару үшін жылан аузына түскен өлім алдындағы шарасыздығымен аяқталады. Мұнан да күрделі мазмұнды күй - аңыз “Көбік - шашқан” деп аталады. Оны XIX ғасырда Каспий теңізінің жағалауындағы су тасқынына байланысты атақты күйші Құрманғазы өмірге әкелген. Бұл шығармада күй ел басына төнген апатты, адамдар мен жануарлардың жан айғайларын берумен ғана шектеліп қалмай, халықтың мұңы мен зарын тасқын төңірегінен алып шығып, тарихи тағдырының да тасқын сияқты ауырлығын көрсетеді. Мұндай музыкалық шығармалар авторларына тек композитор ретінде бір жақты қарауға болмайды. Олардың әрқайсысы осы әуенге сәйкес аңыз-әңгіме де шығарады. Мысалы, авторы беймәлім “Қара жорға” күй – аңызында Абылайханның қазақ – қырғыз ұрысында қалмақтардан тартып алған жүйрік ат туралы тамаша әңгімесі бар. Сондай-ақ “Ақсақ Құлан, Жошы хан” күй – аңызының ерекшелігі бар. Жошы хан аңға кеткен баласы қайтпаған соң, хабар беруді талап етеді. Бірақ, ханның жалғыз ұлын өлді деп хабарлауға батылы барған кісінің көмейіне балқытылған қорғасын құятындығын мәлімдейді. Хан қаћарынан қорыққан қарт күйші оның өлімін күй арқылы жеткізеді. Жошы хан қобыз үнінен баласын ақсақ құлан өлтіргенін біледі. Өз сөзінде тұру үшін сонша қайғы- қасіретті жеткізген қобыз шанағына қорғасын құюды бұйырады. Сондықтан, қорғасынмен күйген қобыздың жоғарғы жағы ашық күйінде қалды, - дейді аңыз. Саймақтың “Сары-өзен” күйі де жан – дүниені ерекше баурайды. Қалмақ тұтқынынан қалмақ қызымен қашып шыққан Саймақ туған аулының орнын сипап қалады, өз қайғы – мұңын сыбызғымен білдіреді. Атақты Құрманғазының да әрбір күйі оның өз жанынан шығарған аңыз-әңгімесімен әдіптеледі. Мысалы, “Кісен ашқан” күйі оның патша түрмесінен қашқандығы туралы баяндаса, “Лаушкин” тұтқында болған кезінде орыс қызы Лавочкинаның өзіне көмектескендігін, оны сүйгендігін әңгімелейді. Күй – аңыздарда қазақ фольклорына тән сипаттамалық белгілемелер араласып келеді. Олар: аң –құс туралы ертегі (“Бозторғай”), тарихи ән (“Көбік шашқан”), жоқтау (“Сары өзен”), және естірту (“Жошы хан”) және т. б. болып келді. Қазақ фольклорының бұл түрінің маңыздылығы сол, есте сақталатын сазды әуенмен қоса бүгінгі күнге дейін айтулы аңыздардың, өткен күндер бейнесі мен оның авторларының атын жеткізгендігінде дейміз. Ән мен сөз өнерін бір жерге тоғыстыру, оны үндестік заңына бағындыру – қазақ өнерінің тарихи жолындағы аса сирек құбылыс ретінде бағаланады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота