Досыма хат.
Сәлем,досым! Қалың қалай?Сабақ үлгерімің ше?Менде бәрі жақсы.Кеше ғана төрт пәннен бестік алғанмын.Маған кешегі күнім ерекше өтті.Не үшін дейсің ғой?Себебі,мен кеше ата-анаммен концертке бардым.Бұл концерт қазақ халық музыкалық аспаптарымен болды.Әрине,“нағыз қазақ – қазақ емес,нағыз қазақ – домбыра” демекші,басты аспап домбыра,одан кейін қобыз,шертер, сазсырнай,жетіген және т.б болды.Алғашында мен барғым келмеді.Заманауи әндерді таңдайтын мен үшін бұл концерт іш пыстырарлықтай өтеді деп ойладым.Барғым келмейді десем де ата-анам күштеп апарды әрі үйде жалғыз қалуға қорқатынымды сен білесің ғой.Алайда,концерт мен ойлағандай емес, жоғарғы деңгейде өтті.Концертте Қазақ КСР-нің Халық әртістері,әйгілі опералық және камералық әншілер Әлібек Дінішев және Ермек Серкебаев өз өнерлерін көрсетті.Әлібек Дінішев “Люблю тебя,мой край родной” әнін орындаса,Ермек Серкебаев “Абай” операсын айтты.Және де қазақ примадоннасы атанған Роза Рымбаева да келді.Ол “Бір бала” әнін айтып,көрермендерді,соның ішінде мені бір тебіренткен еді.Осыдан кейін мен концерттерге барып тұруды шештім.Өйткені,ол мен ізденіске, зейінділікке үйретті.Сені бірге баруға шақырамын.
Хат жазған: (сенің есімің/твоё имя).
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.