Өмірдің мәні мейірімділік, адамгершілікте деп білемін. Бала күнімнен әжем мейірімділік туралы құлағыма құйып, түрлі әңгімелер айтатын. Мейірімділік - адам бойындағы ізгі қасиет. Өзгеге жанашыр болып, мейірім таныту мен үшін адамдықтың белгісі іспетті. Себебі мейірім, рахым болмаса, а біріне-бірі жау болар еді.
Әжем қолымда бар нәрсені өзгемен бөлісуді үйретті. Бірде әжем екеуіміз дүкенге бардық. Әжем түрлі тағамдар, тәттілер алып жатты. Бір кезде қолыма екі шоколад ұстатты. Екеуін де бас салған мен қуанып кеттім. Жалма-жан біреуін аша беруге ұмтылғанымда, әжем есік жаққа қарай нұсқады. Кезекте тұрған адамдардың арт жағында жұпыны киінген әйел мен мен шамалас баласы тұр екен. Баласы дүкен сөрелеріндегі тәттілерге телміре қарайды. Сонда апам: "Шоколадыңның біреуін ана балаға бере ғой", - деді. Әжеме бір сәт қарап тұрдым да, балаға қарай беттедім. Жанына келіп: "Жей ғой", - дедім сыпайы түрде. Ол не айтарын білмеді де. Алар-алмасын біліп анасына қарады. Мен шоколадты қолына ұстата бердім. Ол: "рр... рахмет", - деді абыржып. Мен жымиып, апамның жанына бардым. Әлгі бала шоколадты ашып, жеуге кірісті. Осы сәтте ішімде бір жылылық пайда болды. Мейірімділіктің әлемге жылу сыйлайтынын түсіндім.
ответ:Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.
Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен , рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Ғылман Хайрошев, Төлеген Аршанов Смағұл Көшекбаевтардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.
Объяснение: норм?