Шығарманың үзінділеріндегі эстетикалық құндылықтарды анықтай отырып, төмендегі тақырыптардың біріне 70-80 сөзден кем емес сыни шолу жазыңыз.
«Жаюлы сөреден құрт алып үлгерген аяқ-қолы шидей, алтылар шамасындағы ұл бала табалдырықты кесіп тұра қалды».
«Иегі шығыңқы, ірі, қапсағай жігіт кішкене ескі домбыраның ішектерін арбиған саусақтарымен еріне шертіп, құлағын бұрады».
«Көп ұзамай ауыл қонақтары да жиналып қалды. Ерекең сыртқа шығып, қой-ешкілерін жинап, бір семіз тоқтысын ұстап бауыздап, ... бір жігітке терісін іреттіртті»
Тақырыптар:
1. «Құрттың адам ағзасына пайдасы»
2. «Домбыраның қасиеті мен құдіреті»
3. «Қонақ келсе, құт келгені» Халқымыздың қонақжайлылығы жайында не айта аласың?
қазақ әдебиеті 7 сынып Төлен Әбдіков "Қонақтар тірік жазбай көмектесіндерш ср
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714 жылы қарулы күшпен басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс беріп бірнеше рет жеңді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін араб секілді шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі Түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап қайтадан Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.
Б. Ғафуров: «714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты жаулап алып, өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды,» —деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды.