Жібек еш ойланбастан қайнысымен бірге қашуға бел байлайды. Өйткені, ол, біріншіден, Төлегеннің "өліп кетсем, артымда еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар" деген өсиетін орындауы керек. Екіншіден, Жібек, өз заманының салты бойынша, өзін Жағалбайлының жесірімін деп есептейді де, әмеңгерінің келуін күтеді. Үшіншіден, Сансызбай Төлегеннен аумайды, сондықтан Жібек оны "Төлегеннің өзі" деп қабылдайды. "Сансызбайды көрген соң, Жібектің көңілі тояды", - дейді жыршы. Демек, Жібек енді өзі сүйіп қалады Сансызбайды. Яғни, Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға. Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген іңкәрлігі Сансызбайға ауысады
Мектеп үйірмесі туралы диалог.
- Аслан, сен осы бос уақытыңды қалай өткізесің?
- Мен үйде жатып, демаламын. Сосын сабақтарымды оқимын. Ал сен ше?
- Үйде жатқанда ішің пыспай ма? Менде бос уақыт жоқ десе де болады. Менің қолым түрлі үйірмелерден босамайды.
- Сабақ оқуға уақыт қалмайды ғой. Мен сабақтан соң шаршаймын.
- Жоқ, керісінше сол үйірмелердің арқасында мен мектепте білмегенімді үйреніп, түсінбегенімді сұрап, сабағымды да жылдам оқимын.
- Сонда сен қандай үйірмелерге қатысасың?
- Мен мектеп жанындағы ағылшын тілі курстарына қатысамын. Мектеп бағдарласынан ұқсас. Содан соң «қызықты математика», «физикалық тәжірибелер» және хор үйірмесіне қатысамын.
- Барлығына қалай уақыт табасың?
- Ынтаң болып жатса, уақыт табуға болады. Оның үстіне үйірмеде білмегеніңді үйреніп, жаңа достар табуға болады. Сен де менімен бірге қатысып көрмедің бе? Оның үстіне мектеп жанындағы үйірмелер болғандықтан бәрі де ақысыз негізде.
- Ондай болса, керемет қой! Мен ол туралы білмеппін. Қатыссам, қатысып көрейін. Келесі сабақ қашан және қай жерде?
- Келесі сабағымыз ертең, «қызықты математика». Басталуы сағат үште, жиырма тоғызыншы кабинет.
- Жақсы. Онда ертең үйірмеде кездескенше.
- Сау бол!