doncov2001
04.10.2020 17:20

4-тапсырма, 133 бет. Мәтінді оқы.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
arsenibest03
23.01.2023 05:48
Мен Қазақстанда дүниеге келдім, және қазақ екенімді мақтан тұтамын. Қазақ елі ежелден еш нәрседен тайынбаған ел, ешкімге мойынсынбаған ел. Кең – байтақ туған еліміздің әр өңірінде өсіп тұрған жусан да, аяқ астында жатқан тасың да, сонау көзіне мұнартып көрінген төбе де, сылдыр қағып ағып жатқан бұлақта да айтылмаған сыр, ашылмаған көмбе де көп.        
«Отан – қуат, отбасы – шуақ» дегендей, менің туған жерім Қазақстан, бүгінде Қазақстан кеңестік елдер арасындағы ең алдыңғы қатардағы ел болып табылады. Әлем, біздің Республикамызды Азия аймағындағы көшбасшы, сенімді серіктес ретінде қарайды. Көптеген мемлекеттер осы уақытқа дейін ішкі тұрақтылықты сақтай алмауда. Осыдан аз уақыт бұрын ғана Грузияда, Украинада, Қырғыстанда түрлі-түсті төңкерістер орын алды, олар өздерінің тәуелсіздік алған күндерінен бастап ішкі саяси тұрақтылыққа жете алмағандарынан. Өз егемендігін бір уақытта бірге алған мемлекеттер арасында біздің ел ерекше де өзгеше. Қазақстан экономикасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет, соның нәтежиесінде елдің, халықтың өмір деңгейі жоғары қарқынмен жақсарып келеді. Біздің ел жалпы ішкі өнім бойынша әлемде серпінді дамып келе жатқан он екі елдің қатарына кіреді және орта Азия мемлекеттері арасында көшбасшы болып табылады. КСРО ыдырап, оның құрамындағы мемлекеттер даму жолында демократиялық жолды таңдады. Сол кездегі елдердің проблемалары мен жалпы елдің жағдайы бірдей еді. Кедейшілік қамытын киген халықтың санасында оптимизмнен бұрын торығу-қамығу алда басым еді, қоғамда тұрақсыздық аса көрініс тапқан еді. Қазіргі кезде Қазақстан өз даму жолында таңдаған тиімді де тұрақты моделі басқа елдердің көңілін аударуда. Экономиканы тұрақты және серпінді дамыту, халықты тұрақтандыру мен ел жағдайын жақсарту міне осының нәтежиесі республиканың саяси жүйесін жетілдіру үстінде. Тәуелсіз он бес жыл ішінде Қазақстан даму жолында бірінші міндетті жүзеге асыруда жолы оңынан болды, енді екінші міндетті жүзеге асыру барысында.
0,0(0 оценок)
Ответ:
bosyakostya
23.03.2021 17:52
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер. Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады. Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота