
Ана тілді қадірлеп ұстайтын ұлттың болашағы жарқын. Себебі, тіл қай елде, жерде болмасын ең қасиетті де қастерлі. Тіл-әрбір тәуелсіз елдің мақтанышы, абыройы. Ол атадан балаға сақталатын киелі мұра. Тіл-баға жетпес қазына. Демек, әр ұлт, әр азамат өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс деп білемін.
Менің тілім-қазақ тілі. Мен оның шұбарлануына, аяққа тапталуына әрдайым қасқая қарсы тұруға қауқарлымын. Қазақ тілім байлығым, рухани жан дүниемнің айнасы, Отанымыздың өсіп-өнуіне бірден-бір септігін тигізер мәңгілік мұра. Еліміздің болашағы-оның ана тілі. Ол әрдайым бізбен өмір сүрері әсте белгілі. Тіл біздің бақытымыз болса, тілдің бақыты-оның болашағының жарқын болуы, ұлтының оны қадір тұта білуі деп білемін «Ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, патриот азаматтың жүрегі қашанда тілі, діні болып соғуы тиіс. Себебі, қазақ тілі - Республикамыздың мемлекеттік тілі. Елімізде жүргізілетін іс-шаралар, құжаттар, қағаздар міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы қажет. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпақ пен көбейетіні бесенеден белгілі. Біздің мақсатымыз-әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің қатарында болу. Бұл көздеген мұратқа жету үшін,сауатты ұл мен қыз тәрбиелеу қажет. Ол дегеніміз - өз ана тілінде яғни қазақ тілінде еркін сөйлеп, оны тереңінен меңгере білген ұл мен қыз.
Әрбір адам өз ана тілінде сөйлеуге міндетті. Мен Отанымды,Тәуелсіз Қазақстанымды,қасиетті де қастерлі мекенімді, байлыққа, қазынаға толы жерімді, ең бастысы болашағы айқын, келешегі жарқын қазақ тілімді мақтан етемін.
Қазақстанның қызыл кітабы туралы.
Ұлы ақын Қадыр Мырза Әли атамыз "Қызыл кітап - тірі жан тимесін деп, хайуанатқа берілген қызыл мандат", - деп жаырлап кеткендей, Қызыл кітап - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Алғаш рет 1978 жылы жануарларға арналған, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.
«Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми - зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ еңбек етіп, ғылыми – практикалық конференциялар ұйымдастырды. Қызыл кітапқа енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды.
Қызыл кітапқа белгілі бір түрде енгізу үшін ғалымдар әр жануардың немесе өсімдіктің бес санатын анықтаған:
I санат – жойылып бара жатқандар.
II санат – саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі мүмкін.
III санат – сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер.
IV санат – белгісіздер, толық зертелмеген түрлер.
V санат – қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер.