alicegluskin
05.12.2021 04:38

Тапсырма 1. Венн диаграммасы арқылы мәтіндерді салыстырыңыз.

.

1-мәтін

ерекшелігі Ортақ белгісі 2-мәтін

ерекшелігі

Тақырыбы Тақырыбы

Мазмұны Мазмұны

Тілдік құралы Тілдік құралы

1- мәтін

Жиһангез Динара Болатпен сұхбат

– Ең ерекше саяхатыңызды айта аласыз ба?

– Ең ерекше деп біреуін атау қиын. Біріншісі, Норвегия. Себебі табиғатының өзі өте керемет, «Властелин колец» сияқты фантастикалық фильмдерден көріп жүрген неше түрлі таңғажайып жерлер Норвегияда орналасқан. Ең бай мемлекеттердің бірі болса да, жергілікті халық ортадан ерекшеленбейді. Байдың үйі, олигархтың үйі деп атайтындай бір ғимарат көрмейсіз немесе көліктер де ерекшеленбейді. Ең ұнаған тұсы халық қанша әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етілген болса да, олардың түсінігі біздің елге қарағанда бөлек. Ол елде мақтану, өзіңнің жағдайыңды көрсету деген жоқ. Олар білім алу, табиғат аясында саяхат жасау, салауатты өмір салтын ұстану бағытында өмір сүреді. Тіпті астанасының өзі Ослода көшеде жүгіріп, жаттығып жүрген, кішкентай баласын арқалап алып тауға өрмелеп бара жатқан адамды көресіз. Келесі - Индонезия, туризмнің қалай дамығаны жөнінде айту керек болса бірден осы елді айтамын. (126 сөз)

(http://old.baq.kz/kk/news/turizm/)

2- мәтін

Талап

Кеше машинамен аулаға теңiздiң ақ қиыршық құмы төгiлдi. Балалар кешеден берi мәз-мәйрам. Шымыр денелi, пысығы – кiшкентай Нұрталап. Таудай құмның бауырында екi космос кораблi тұр. Бiреуiнде «Сұңқар», екiншiсiнде «Аққу» деген жазу бар.

– Нұрталап Қаматов қайсың? – деп сұрады арнаулы бақылау аппаратында отырған Задагүл.

– Мен!.. – дедi үстiне космонавт костюмiн киген өткiр көздi қара бала. Дәрiгер космонавтың жүрегiн тыңдап, тынысын байқады. Сонан соң ауланың ортасындағы карусельге айналдырып сынады. Нұрталап сыннан бөгетсiз өттi.

– Жарайсың!.. – дедi Задагүл. – Қандай қиыншылық болса да төтеп бере аласың.

Нұрталап дәрiгердiң ақыл-кеңесiне дән риза. Екi езуi екi құлағында. Масаттанып тұр. Достарымен қоштасқан күнi космос кораблiне мiнуге оңтайланып едi:

– Нұрталап-ау, Нұрталап! – деген дауыс саңқ ете қалды. Ол жалт бұрылып:

– Ау-ау! Мен мұндамын! Апасы екен балконнан қараған.

– Мектепке баратын уағың боп қалды. Үйге кiр. Жуын. Тамақтан. Бол, тезiрек!

Нұрталап шешесiнiң шақырғанына қынжылып, қабақ шытты. Мұны байқаған Задагүл:

– Жарайды, бүгiн демал! Ертең мiндеттi түрде ұшасың! – дедi.

Нұрталаптың жүзiнен қуаныш сәулесi жарқ ете қалды. (149 сөз)

(https://www.balakai.kz/engimeler)

Тапсырма 2.

Суреттердегі көріністерді негізге алып, «Көкшетауға саяхат» тақырыбында әңгіме жазыңыз. Әңгімеңізде міндетті түрде кейіпкерлердің болуын ескеріңіз. Қандай да бір оқиға желісіне құрыңыз. Төл сөзді сөйлемнің болғанын ескеріңіз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Anna45891
13.03.2023 10:00

б.д.д. II мыңжылдықтан бастап Алатаудың,  Алтайдың, Саянның, Ханғайдың, Хэнтэйдің, Тәңіртаудың, Оралдың және де Сібірдің іргелі аумақтарында  мекен еткен  тайпаларында аңшылық шаруашылығымен  қатар  егіншілік істері, әсіресе  мал шаруашылығы, оның көшпелі үрдістері аса қарқынды дамыды, жылқыны қолға үйретті,  жайылымдық мекен өрістері кеңейді, палеометаллдар өндірісі күшейді, соынмен қоса мифтік наным сенімдері де беки бастады, оған негізделінген синкретикалық "өнер туындылары" молайды,  тасаттық-ғұрыптық кешендерді (күн, ай, қару-жарақ, бұғы бейнелі ұстынтастар) орнат салттары белең алды, көсемдер мен рулық, тайпалық қарым-қатынастары да қарқынды дамыды, айырбас саудалар орнықты  ("андронов", "беғазы дәндібай" мәдени тарихи қауымдастығы қалыптасты) [Маргулан, Акишев, Кадырбаев, Оразбаев, 1966 , Маргулан, 1979].   Бір сөзбен айтқанда, Еуразия кеңісітігінде  аты-шулы көшпелілер өркениетінің негіздері басталып та кеткен еді. Осы кезеңдерде  өлікті жөнелтуде  аса ірі көлемді және одан орташа,  кішігірім  өлшемді қорғандарды таспен қалап  орнатып мүрдені ағаш табытқа салып көму салттары қалыптасты. Аталмыш  қорғандардың биіктігі 4-17 метр, ал шеңберлері  30-130 метр болды. Бұл алып  қорғандарды  сол дәуірлердегі  қоғамдық-әлеуметтік жүйесінің  билік тұлғалары, батыр ғұламалары және ру-тайпалық көсемдері сынды  атақ  дәрежелеріне байланысты  салды деп қарастырады  зерттеуші ғалымдар. Бұл орайда археологиялық зерттеулердің нәтижесінде   б.д.д. VII-V ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия аумағында анықталған  Бесшатыр, Есік, Шілікті сынды алып қорғандар  сол заманның билік тұлғаларының  «патша қорғандары» болған деп қарастырады. Оны  аса бай салтанатты зат-бұйымдарының  археологиялық табылымдары да растайды. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
20183
01.05.2022 20:35

Бүгін біз қазақ тілі сабағынан табу сөздерді өттік.Табу сөздер дегеніміз: тура айтуға болмайтын,бірақ жақсы жағынан ғана суреттелтін әдептелік белгісі. Осы тақырыпқа үй жұмысын жазып жатқанда бірден маған бір ой келді. Ол менің анамның әпкесі. Ол бізге үйге келгенде бізді атымен атамайтын. Мысалы:мені - ботақан ,әпкемді - еркежан , кіші ағамды - кенжетай деп атайтын.

Если у тебя нету сестры можешь убрать әпкемді - еркежан или если нету младшего брата убери кіші ағамды

Объяснение: если что обращайся)))

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота